«Qazaq Banki» АҚ-ын құнды қағаздар нарығында банктік және басқа да операциялар мен қызметтерді  көрсету бойынша лицензиядан айыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылдың 27 тамызында қабылдаған шешімге байланысты «Qazaq Banki» АҚ барлық басқару органдарының құзырлары тағайындалған уақытша әкімшілікке өтті.
Барлық сауалдар бойынша «Qazaq Banki»  АҚ-ының уақытша әкімшілігінің басқарушысы  Отцова Анфиса Леонидовнаға хабарласуға болады:+7 (727) 380-39-51, +7 (727) 380-39-99, +7 (717) 291-92-60 және info@qazaqbanki.kz
Банк салымшылары депозиттерінің кепілділігі жөніндегі қосымша ақпаратты www.kdif.kz сайтындағы іс жүзіндегі заңнамадан оқып біле алады. Мамандардың кеңесін жедел желінің 8 8000 80 10 20 (тегін) нөмері бойынша алуға болады.
Банктік қарыз шарттарына отырған жеке тұлғаларға, қарыз шарты бойынша Қазақстан Республикасының кез келген екінші деңгейлік банктеріне төменгі деректемелер бойынша ақшалай қаражатты жіберу арқылы, уақытылы өтеуді іске асыру қажет.

В связи с принятым 27 августа 2018 года решением Правления Национального Банка Республики Казахстан о лишении АО «Qazaq Banki» лицензии на осуществление банковских и иных операций и деятельности на рынке ценных бумаг назначена временная администрация, к которой перешли полномочия всех органов управления АО «Qazaq Banki».
По всем интересующим вопросам можно обратиться к руководителю временной администрации АО «Qazaq Banki» Отцовой Анфисе Леонидовне по телефонам +7 (727) 380-39-51, +7 (727) 380-39-99, +7 (717) 291-92-60 и info@qazaqbanki.kz
Вкладчики могут получить дополнительную информацию по вопросам гарантирования депозитов, ознакомиться с законодательством в актуальной редакции на сайте www.kdif.kz. Консультации специалистов по номеру горячей линии 8 8000 80 10 20 (звонок бесплатный).
Физическим лица, заключившим договоры банковского займа, необходимо своевременно осуществлять погашение задолженности перечислением денежных средств на реквизиты Банка, указанные в договоре займа, через любые банки второго уровня Республики Казахстан.
Специализированным межрайонным экономическим судом города Алматы принято решение о принудительной ликвидации АО «Qazaq banki» и возбуждении ликвидационного производства, а также возложении на республиканское государственное учреждение "Национальный Банк Республики Казахстан" обязанности по созданию ликвидационной комиссии банка с учетом его филиалов и представительств.
29 ноября 2018 года на Решение суда подана апелляционная жалоба и принята к рассмотрению судом первой инстанции (СМЭС г. Алматы).
Таким образом, Решение суда не вступило в законную силу.
Максимальный срок рассмотрения дела в суде апелляционной инстанции – два календарных месяца. Если суд апелляционной инстанции не удовлетворит апелляционную жалобу, то  решение суда вступит в законную силу в момент оглашения.

Ағымдағы шоттар

 
Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларына және олардың оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) банк шотын ашу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
  • Банк шотын ашу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және/немесе орыс тілінде құрылған, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар құжатқа енгізілген адамдардың жеке қатысуымен, Банктің уәкілетті тұлғасы растаған қол қою үлгілері мен мөр бедерлері (заңды тұлғада болмаған жағдайда мөр бедерінің қойылуы қажет емес) бар құжат;
  • Жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін - Қағидалардың) немесе клиенттің үлгілік жарғысының негізінде қызмет ету фактісін растайтын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң Клиентке қайтарылады) және/немесе заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Құрылтайшылардың саны біреуден көп болса, құрылтай шартының көшірмесі мен түпнұсқасы және акционерлік қоғамдар үшін акция ұстаушылар тізілімі (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң Клиентке қайтарылады)*;
  • Төлем құжаттарына бірінші және екінші (бар болса) қол қою құқығына ие адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы құрылтайшылар жиналысы хаттамасының/жалғыз қатысушы шешімінің көшірмесі;
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
  • Қол қою үлгілері мен мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң Клиентке қайтарылады);   
  • Заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттардың компанияның мөр бедерімен куәландырылған көшірмелері (акционерлік қоғамдар құрылтайшыларының (қатысушыларының), сондай-ақ қатысушылар тізілімін жалғыз тіркеуші жүргізетін шаруашылық серіктестіктердің құжаттарын қоспағанда), сондай-ақ заңды тұлғаның бенефициарлық меншіктенушілерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (бенефициарлық меншіктенушінің заңды тұлға құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған және акционерлер (қатысушылар) тізілімінен алынған үзіндінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда);*
  • Қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері үшін қосымша –қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысымен және оның филиалы немесе өкілдігі туралы қағидамен көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған)  қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар; 
  • Өзге нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін қосымша – Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхатының көшірмесі;
  • Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеге ағымдағы шот ашу үшін қосымша бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті орталық органның рұқсаты беріледі.
Кәсіпкерлік қызметті (жеке кәсіпкер), жеке нотариус, адвокат, кәсіби медиатор, жеке сот орындаушылары қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға- Қазақстан Республикасының резидентіне банк шотын ашу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:
  • Банк шотын ашу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және/немесе орыс тілінде құрылған, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар құжатқа енгізілген адамдардың жеке қатысуымен, Банктің уәкілетті тұлғасы растаған қол қою үлгілері мен мөр бедерлері (мөр бедерлері болмаған жағдайда, мөр басу қажет емес) бар құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң клиентке қайтарылады).
Жеке нотариустар үшін қосымша:
-- нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң клиентке қайтарылады);
Адвокаттар үшін қосымша:
-- адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшірмесі (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң клиентке қайтарылады);
Жеке сот орындаушылары үшін қосымша:
-- атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшірмесі (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң клиентке қайтарылады);
Кәсіби медиаторлар үшін қосымша:
- медиаторларды дайындау бағдарламасынан өтуді растайтын сертификаттың көшірмесі.
 
Шаруа (фермерлік) шаруашылықтар үшін:
  • Банк шотын ашу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және/немесе орыс тілінде құрылған, қолқоюүлгілері мен мөр бедерлерібар құжатқа енгізілген адамдардың жеке қатысуымен, Банктің уәкілетті тұлғасы растаған қолқоюүлгілері мен мөрбедерлері(мөрбедерлеріболмаған жағдайда, мөр басу қажет емес) бар құжат;
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) фактісін растайтын, уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі немесе анықтама.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларына және олардың оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) банк шотын ашу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 
 
  • Банк шотын ашу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және/немесе орыс тілінде құрылған, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар құжатқа енгізілген адамдардың жеке қатысуымен, Банктің уәкілетті тұлғасы растаған қол қою үлгілері мен мөр бедерлері (заңды тұлғада мөр бедерлері болмаған жағдайда, мөр басу қажет емес) бар құжат;
  • Клиенттің Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын, мемлекеттік кірістер органы берген құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң клиентке қайтарылады);
  • Бейрезидент-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін – есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжат немесе оның көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі тиісті филиал немесе өкілдік туралы қағида немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі және заңды Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • Апостиль қойылған немесе Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарда белгіленген ресмилендірілген тәртіптегі құрылтай құжаттарының көшірмелері*;
  • Заңды тұлғаның құжаттарында ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуге жасалатын құжаттарға қол қою құқығына тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын, компанияның мөр бедерімен куәландырылған құжаттың көшірмесі*;
  • Сауда тізілімінен алынған үзіндінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеуге алған орган, тіркеу нөмірі, тіркеу орны мен күні туралы ақпараты бар мемлекеттік немесе орыс тіліне белгіленген тәртіппен аудармамен куәландырылған және, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылған не апостильденген осыған ұқсас өзге құжат;
  • Заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттардың компанияның мөр бедерімен куәландырылған көшірмелері (акционерлік қоғамдар құрылтайшыларының (қатысушыларының), сондай-ақ қатысушылар тізілімін жалғыз тіркеуші жүргізетін шаруашылық серіктестіктердің құжаттарын қоспағанда), сондай-ақ заңды тұлғаның бенефициарлық меншіктенушілерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (бенефициарлық меншіктенушінің заңды тұлға құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған және акционерлер (қатысушылар) тізілімінен алынған үзіндінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда)*;
  • қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес Клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң клиентке қайтарылады);
Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке кәсіпкерлеріне банк шотын ашу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  • Банк шотын ашу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және/немесе орыс тілінде құрылған, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар құжатқа енгізілген адамдардың жеке қатысуымен, Банктің уәкілетті тұлғасы растаған қол қою үлгілері мен мөр бедерлері (мөртабандарының үлгілері болмаған жағдайда, мөр басу қажет емес) бар құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң Клиентке қайтарылады);
  • Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа көшірмесімен салыстырылған соң клиентке қайтарылады);
  • Бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін жинақ шотын ашу үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген құжат.
* Жоғарыда аталған қажетті құжаттар тізбелеріне Банк түзету енгізуге және, егер кірістерді жылыстату туралы заңмен немесе банкпен көзделген болса, ашылатын шоттарға және Клиенттің құқықтық субъектілігіне қарай қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
Шотты жүргізуге қатысты мәліметтер мен фактілер (мекенжайлар, заңды мәртебе, Клиенттің атынан қол қою құқығы бар тұлғаларды тегі және өзге егжей-тегжейлі ақпарат) өзгерген жағдайда Клиент бұл туралы Банкке хабарлауға міндетті. Хабарды алған Банк сол өзгерістерді растайтын құжаттарды талап етуге құқылы, ал Клиент ұсынуға тиіс.