Ұлттық Банк валюталық заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес санкциялар мен ықпал ету шараларын қолданады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 244 бабына сәйкес (2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ЗРК, бұдан әрі - Кодекс) валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзғаны үшін келесілер көзделген
1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттар беру мерзімін бұзуы -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауга әкеп согады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік), -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.
Кодекстің 251 бабына сәйкес ұлттық және шетелдік валютасын репатриациялау талабын орындамағаны үшін келесі көзделген
Уәкілетті банктердегі банк шоттарына ұлттық және шетелдік валютаны есептемеу түрінде жасалған ұлттық және шетелдік валюта репатриациялау талаптарын орындамау:
1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан ұлттық және шетелдік валютасындағы түсімдер;
2) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валюта мен шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған, ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып түскен және егер осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда басталады.
Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
Кодекстің 252 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасын бұзумен валюталық операцияларды жүргізгені үшін келесілер көзделген
1. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізбеу, резиденттер арасында тыйым салынған валюталық операциялар жүргізу, ақша төлемдері мен аударымдарын уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүргізбеу, егер мұндай талап Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында белгіленсе, –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға, белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.