Келісімшарттың есептік нөмірі

 
  • Келісімшарттың есептік нөмірі (КЕН) – банк беретін келісімшарттың есептік тіркеуінің, валюталық операциялар бойынша есепті және есептілікті қамтамасыз етуге арналған тіркеу нөмірі,
  • КЕН-ді келісімшарт бойынша төлемді/ақша аударымын жүзеге асырғанға дейін және/немесе ҚР шекарасы арқылы тауарлардың келісімшарт бойынша өтуіне дейін алу қажет. 
  • Алу үшін шарт (түпнұсқа/көшірме) және КЕН алуға өтініш қажет.
Маңызды: шартта репатриациялау мерзімін (репатриациялау мерзімі – экспорт күні  мен экспортты төлеуге валюта келіп түскен күн арасындағы не импорт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы күні мен резидент емес міндеттемелерін орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда импорт бойынша пайдаланылмаған аванс қайтарылған күн арасындағы, не импорт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы күні мен келісімшартта пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі болмаған жағдайда импорт күні арасындағы уақыт кезеңі ) көздеу қажет.
  • МКК Банктен электронды есеп алғаннан кейін тауарды кедендік тазартады.