Qazaq Вankiнің жарғылық капиталы 12%-ға өсті

25 Ақпан 2015 ж. | 11:16

Қазақстандық коммерциялық банк - «Qazaq Вanki» АҚ (қысқаша – Банк) – Банктің 1 300 000 дана қарапайым акцияларын 1000 теңге номиналы бойынша шектелмеген инвесторлардың арасында орналастырудың нәтижесінде жарғылық капиталын 1,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.

Капиталдың өсімі 2014 жылдың 24-желтоқсанында қабылданған директорлар Кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асты. Акциялардың орналастыруының нәтижесінде Банк жарғылық капиталы 12%-ға (1,3 млрд теңге) ұлғайып, 12,4 млрд теңгені құрады, тиісінше меншікті капитал да 13,3 млрд теңгеге дейін өсті. Банк өзінің даму стратегиясы бойынша капиталдандыруды алдағы уақытта да ұлғайтуды жоспарлайды.

«Акционерлердің көрсетілген қолдауы мен артқан сенімін біз аса бағалаймыз. Капиталдың біртіндеп, жоспарлы түрде өсуі бізге банктік операциялардың көлемін арттырып, отандық кәсіпорындарды қаржыландыру мен бизнестің жаңа бағыттарын жетілдіруге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті «Qazaq Вanki» АҚ Басқарма Төрағасы Мирлан Ташметов.

***
«Qazaq Banki» АҚ – «Сенім Банк» АҚ негізінде қаланған, отандық капиталы бар қазақстандық әмбебап қаржылық институт. 2015 жылдың 1 қаңтарына қарасты Банк активтері – 151,3 млрд теңге, міндеттемелері – 139,1 млрд теңге, меншікті капиталы – 12,2 млрд тенгені құрайды (2015 жылдың 18-ші ақпанында меншікті капитал 13,3 млрд теңгеге дейін өсті). Филиалдар желісі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Қаскелең қалаларын қамтиды.
 
БАҚ үшін байланыс:
 
«Qazaq Banki» АҚ баспасөз қызметі
тел.: + 7 (727) 380 39 85, 8 701 779 01 08
e-mail: zh_abseit@qazaqbanki.kz