Қазақстанның салымдарды кепілдендіру қоры сақтандырған ұлттық валютадағы салым сомасы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған

8 Мамыр 2015 ж. | 08:53

«Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарын міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Банкіміз ашқан барлық депозиттерді Қазақстанның салымдарды кепілдендіру қоры сақтандырған.
Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша кепілдікті өтелетін ең көп сомасы 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Бұл орайда, шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдікті өтелетін ең көп сома бұрынғы деңгейінде 5 миллион теңге болып қалды.