Qazaq Banki клиенттерін Алматы қаласында ашылған жаңа бөлімшеге шақырады

29 Мамыр 2015 ж. | 14:04
 
Qazaq Banki өзінің аймақтық желісін дамыту және оңтайландырустратегиясын жалғастыра отырып, өз клиенттерін сапалық қызмет көрсету үшін Алматы қаласының орталығынан тағы бір жаңа кеңсесін ашты.
Достық 35, даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан заманауи жарақталған жайлы бөлімше қаржы мәселелерінің оң шешім табуына жағдай жасайды. Кеңсенің  интерьері ең үздік деген дизайнерлік шешімдермен үйлесім тауып, ұлттық нақышта безендірілген.

Банк менеджерлері клиенттерге барлық мәселелер бойынша кеңес беріп, сан алуан банк өнімдері бойынша оңтайлы әрі тиімді шарттар ұсынады. Жаңа кеңсенің клиенттері барынша жоғары сыйақы мөлшерлемесімен депозиттік шоттар ашып, қол жетімді несиелендіру шарттарымен шұғыл мұқтаждыққа, бизнеске қажетті несие алып, ипотека, автонесиелендіру, банктік кепілдік рәсімдей алады. Банкте көрсетілетін қызметтер мұнымен шектелмейді.  

Qazaq Banki өз клиенттеріне қызмет көрсеткен уақытта әр адамға жеке көңіл бөлу, шұғыл жұмыс істеу, құпиялықты сақтау, кешенділік және жайлылық ұстанымдарын ұстанады. Сіздерді дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 18:00 дейін
Банктің жаңа бөлімшесінде күтеміз.