Qazaq Banki Қарағанды қаласындағы жаңа бөлімшесін ашты

28 Сәуір 2016 ж. | 16:00

Құрметті клиенттер!
 
«Qazaq Banki» АҚ 28 сәуір 2016 жылы Қарағанды қаласында банктің жаңа бөлімшесінің ашылуы орын алғандығы жайлы хабарлауға қуанышты.
Қарағанды қаласында Н. Әбдіров даңғылы, 25/2 мекенжайында орналасқан жаңа офис өзінде клиенттерге жеке және заңды тұлғаларға арналған банк қызметтерінің кең таңдауы ұсынылатын жайлы жай болып табылады. Тұрғындар үшін валюта айырбастау, ақша аударымдары, коммуналды шоттарды төлеу, депозиттерді қабылдау және несиелердің алуан түрі сияқты барлық сұранысқа ие қызметтер қол жетімді болады. Заңды тұлғалар үшін есептік-кассалық операциялар, салымдар қабылдау, банк шоттарымен жүзеге асырылатын операциялар сияқты қызметтер көзделген.

«Қазақстан қалаларындағы қатысуымызды кеңейте отырып біз клиенттерімізге қызмет көрсету ыңғайлылығын ғана емес, сапасын да арта түсудеміз. Qazaq Banki ұсынатын клиенттерге қызмет көрсетудің негізгі ұстанымдары – әркімге жеке әдістерді таба білу, жеделдік, құпиялылық, кешенді және жайлылық. Сапалы қызметтің барлық осы құрам бөліктері жаңа офисте барынша көрініс тапты. Жеке әдістер икемді тарифтік саясатты қолдану, өнімдер мен қызметтер бойынша арнайы жағдайлар жасау есебінен қамтамасыз етіледі» - деді Басқарма Төрағасының орынбасары Ерлан Келімбетов жаңа бөлімшені ашу салтанатындағы сөйлеген сөзінде.
 
Жаңа бөлімшені ашу өзіне сәйкес жеке банктік қызметтер көрсету қаржылық институттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Банктың даму стратегиясынан туындап отыр. Банктің жаңа бөлімшесі тұрғындарға, корпоративтік клиенттерге, шағын және орта бизнеске кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге  арналған. Банк ұсынатын өнімдер желісі аймақтық нарық ерекшеліктерін ескере білген және қала клиенттерінің қажеттілігіне барынша бағытталған.