Корпоративті клиенттер мен ШОБ клиенттеріне арналған ұтымды ұсыныс

23 Маусым 2016 ж. | 17:06

Құрметті клиенттер!
Qazaq Banki Қазақстанның банк қызметтері нарығында баламасы жоқ корпоративті клиенттер мен ШОБ клиенттеріне арналған «Валюталық бақылау» on-line бағдарламасын іске қосады! 
Бүгінгі таңда Qazaq Banki клиенттеріне валюталық операцияларды жүргізуге немесе келісім-шарттардың ағымды күйін білу үшін банкке келуге уақытын жұмсаулары қажет емес. Енді барлық ақпаратты банк клиенттері тәулік бойғы режимде және Qazaq Banki банкінен «Валюталық бақылау» интернет – сервисінің көмегімен тегін біле алады. 
Qazaq Banki банкінің жаңа сервисін қолдана отырып, клиент: 
- экспорттық-импорттық келісім-шарттар бойынша барлық деректерді біліп отырады; 
- жасалған төлемдердің сомасын және күнін бақылай алады; 
- декларация күйі, орындалған жұмыстар актілері, тауарларды тасу және салықты төлеу жөніндегі арыз туралы барлығын біліп отырады; 
- репатриация мерзімін бұзу ықтималдығын жоққа шығарады. 
 
«Валюталық бақылау» ыңғайлы интерфейсі клиенттерге бағдарламаны екі минуттың ішінде жеңіл, әрі жылдам игеруге мүмкіндік береді! Толығырақ ақпарат