Qazaq Banki Алматы қаласында газбен жүретін жаңа автобустарды іске қосуды қаржыландырды

20 Маусым 2016 ж. | 14:40

Бүгін Алматы қаласында «Green Bus Company» ЖШС және «Qazaq Banki» акционерлік қоғамы (бұдан былай - Банк) арасында жасалған несие келісімі шеңберінде сатып алынған жаңа 35 автобустың ресми таныстырылымы өтті.
2016 жылдың қаңтар айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша отырыста Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Алматыэлектротранс» муниципалдық автопаркін жеке инвестор «Green Bus Company» ЖШС сенімді басқаруына беру туралы хабарлаған. Инвестор отынның экологиялық таза түрін – сығылған табиғи газды (метанды) пайдаланатын «Daewoo» маркасының 35 данадағы жаңа автобусын сатып алды. Қаржыландырушы банк-серіктес «Qazaq Banki» АҚ болды.
Жалпы сыйымдылығы 90 адам, GPS навигатормен жабдықталған автобустар Алматы қаласының негізгі жол бағыттары бойынша жүретін болады, олардағы жол ақысы 80 теңгені құрайды. зейнеткерлер мен мүгедек жандарға ыңғайлы болу үшін автобустар аласа. Бірлескен инновациялық жоба жаңа қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
Ресми таныстырылымға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Green bus Company» ЖШС директоры Бауырджан Кулишев, «Qazaq Banki» АҚ  басқарушы директоры Игорь Завьялов, сонымен қатар қаланың қоғамдық өкілдері қатысты. «Біз Қазақстан қалаларында экологиялық таза жолаушылар көлігін дамытуға өз үлесімізді қосуға өте қуаныштымыз. Осылай 2014 жылы Банк қазіргі уақытта Шымкент қаласында жолаушыларды тасымалдайтын, газбен жүретін 200 дана жаңа автобусты сатып алуды қаржыландырған. Бүгінгі оқиға әлеуметтік тұрғыдан Алматы қаласы мен қалалықтар үшін маңызды ғана емес, сондай-ақ  біздің қарқынды дамушы Банкіміз үшін таңбалы болып табылады», - деп атап өтті «Qazaq Banki» АҚ  басқарушы директоры Игорь Завьялов.
Жабдықталған және заманауи көлік құралдары қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және қалалық көлікте халыққа қызмет көрсету мәдениетін арттыруға себепші болады. Жоба Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.

***
«Qazaq Banki» АҚ – отандық капиталы бар қазақстандық әмбебап қаржы институты. 2016 жылғы 1 маусым жағдайына Банк активтері 372 млрд теңгені құрады, соның ішінде  несие қоржыны 282 млрд теңгеге жетті, міндеттемелері 340 млрд. теңгені, таза пайда 421 млн теңгені, Банктің меншікті капиталы 31 млрдтеңгені құрады. Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында филиалдық желісі бар. Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің бағалауы бойынша Банкке «В-/С» деңгейінде контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтерін (болжам – «Тұрақты») және ұлттық шкала бойынша  «kzBB-» деңгейінде рейтингін берді.