«Qazaq Banki» АҚ Баспасөз релизі

10 Тамыз 2016 ж. | 09:00

S&P рейтингагенттігі «Qazaq Banki» АҚ несие рейтингін «B-/C»деңгейі бойынша растады   
 
Standard& Poor'sGlobal Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Qazaq Banki» АҚ несие рейтингілерін «В-/С» деңгейі бойынша растады және болжам «Тұрақты» рейтингіден «Негативті» рейтингіге жасалды.
Өз кезегінде «Qazaq Banki» АҚ бұл жағдайға қатысты пікірін білдіруді қажет деп санайды.
Елдегі және әлемдегі қолайсыз экономикалық шарттардың әсерінен, мұнайға бағаның құлауы және АҚШ долларына қатысты теңгенің тұрақсыз бағамының салдарынан, S&P Қазақстан Республикасының шетелдік және ұлттық валюталардағы міндеттемелері бойынша «ВВВ»-ден «ВВВ-» дейін ұзақ мерзімді елдік несие рейтингін төмендетті және ел рейтингін «Негативті» болжады. Бұл факторлар ҚР барлық банк секторында резервтердің қалыптасуына және капиталдың өтімділігіне қатысты рейтинг агенттіктерінде күтілетін қауіпті туындатты.
Ел рейтингісінің төмендеуі қазақстандық екінші деңгейдегі бірқатар банктердің несиелік рейтингін төмендетуге әкелді.
Алайда, «Qazaq Banki» АҚ қатысты тек болжам өзгертілді, ол S&P аналитиктерінің пікірінше, таяудағы 12-18 айдың ішінде қазақстандық банк секторы үшін операциялық қызметтің шарттары тұрақтанғанда және активтердің сапа көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде ұстағанда «Тұрақты» болып өзгертілуі мүмкін.
Осыған байланысты, «Qazaq Banki» АҚ Банктің барлық қаржылық көрсеткіштері халықаралық рейтинг агенттіктерінің талаптарына сәйкес келуі үшін ағымдағы несиелік рейтингті сақтауға қажетті шараларды жүргізеді. Сонымен, қысқа мерзімді перспективада Банк капиталдандыруды және қаржылық тұрақтылықты жоғарылатуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруды жоспарлайды.
 «Еліміздің несиелік рейтингіне әсер еткен әлемдік нарықтардағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, біз Банктің капиталдану көрсеткіштерін жоғарылату және ссудалық портфель сапасын сақтау бойынша міндеттерді алып отырмыз. Жоспарланып отырған кезеңде осы міндеттерді жүзеге асыру «Qazaq Banki» АҚ қаржылық тұрақтылығының іргетасын одан әрі нығайта түспек. Банктің Даму стратегиясының аясында біз 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ЕДБ рэнкингінде несиелік және депозиттік портфель бойынша тиісінше 12 және 13 позицияға көтеріліп, көрсеткіштерімізді елеулі түрде жақсарттық.  Бұл дерек клиенттердің бізге сенетіндігін көрсетеді, ал біз өз кезегімізде олардың күтулеріне сәйкес келетін боламыз», - деп атап көрсетті «Qazaq Banki» АҚ Басқарма Төрағасы Қантар Орынбаев.
 
«Qazaq Banki» АҚ – отандық капиталмен қазақстандық әмбебап қаржы институты. 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банктің активтері 381 млрд теңгені құрады, соның ішінде несиелік портфель 290 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 349 млрд теңгені құрады, ағымдағы жылдың таза пайдасы – 524 млн теңге, Банктің меншікті капиталы 32 млрд теңгені құрады. Филиал желісі Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«Qazaq Banki» АҚ Баспасөз қызметі:
+7 (727) 380 39 51 (00676)
www.qazaqbanki.kz