Qazaq Banki Акционерлері жарғылық капиталды 33,3 млрд теңгеге ұлғайтты

13 Желтоксан 2016 ж. | 13:13

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) 12.12.2016 жалпы сомасы  3,2 млрд теңгеге 3 200 000 дана жай акция жоспарлы орналастырылғанын хабарлайды. Мұның нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 33,3 млрд теңгеге ұлғайды. Тиісінше, Банктің меншікті капиталы 39 млрд теңгеге өсті.
 
Банктің меншікті капиталы Qazaq Banki отандық банк саласындағы  орнын нығайтуға бағытталған стратегияны іске асыру аясында ұлғайтылған болатын.
 
«Qazaq Banki» нарықтағы ең қарқынды дамып келе жатқан банктердің бірі болып табылады. Қосымша капиталдандыру акционерлердің Банктің қажылық орнықтылығын сақтап қалу үшін жан-жақты әрі тұрақты негізде қолдау көрсетуге әзір екенін айқын көрсетеді.  Акционерлер бұдан әрі де капиталды активтердің өсіп отыруына қарай ұлғайтып тұруға ниетті. 2017 жылдың 1-тоқсанының соңына дейін біз жоспарланған өсім көрсеткіштеріне қол жеткізген жағдайда 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге қосымша капиталдандыру жүргізіледі деп күтіп отырмыз», - деді «Qazaq Banki» АҚ Басқарма Төрағасы Ғани Тоқсанбаев.
 
Мұнымен қоса, Банк басшысы Qazaq Banki акционерлерінің Банк өтімділігін ұстап тұруға әзір екендіктерін және бұл үшін, сондай-ақ реттеушінің талабымен олар бойынша провизияларды толықтырып құру қажет болған жағдайда активтердің бір бөлігін сатып алу үшін қор құрғандарын атап өтті. «Акционерлер тарапынан көрсетіліп отырған мұндай мақсатты бағытты бар қолдау Банкке өсімді ұзақ мерзімді негізде нық сеніммен жоспарлауға мүмкіндік береді. Осымен қатар,
экономикалық тұрақсыздық кезеңінде жарғылық капиталдың ұлғайтылуы клиенттер тарапынан Банкке деген сенімді күшейту үшін маңызды фактор болып табылады», - деп түйіндеді «Qazaq Banki» АҚ Басқарма Төрағасы.
 
Бүгінгі таңда «Qazaq Banki» АҚ стратегиялық жоспарларды жүйелі түрде іске асыруын жалғастыруда, бизнес-процестерді жақсартуда, қаржылық көрсеткіштерді табысты арттыруда. Осылайша, Даму стратегиясының аясында 2016 жылдың басынан бері Банк активтердің көлемі бойынша нарық үлесін 1,4 пайыздан 1,7 пайызға ұлғайтып, кредиттік портфель бойынша нарық үлесі 1,5 пайыздан 2,1 пайызға, депозиттік портфель бойынша 1,5 пайыздан 1,9 пайызға өсті.
 
01.12.2016 жағдай бойынша Банк активтері 428 млрд теңгені құрады. Оның ішінде  кредиттік  портфель 333 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 392 млрд теңгені құрады, ағымдағы жылдағы таза пайда – 1 724 млн теңге.
 
Филиалдар Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында ашылған.
 
 
 «Qazaq Banki» АҚ баспасөз-қызметі:
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz