Пресс-релиз «Qazaq Banki»

6 Қаңтар 2017 ж. | 14:49

«Qazaq Banki» АҚ заңды тұлғалар үшін жаңа депозит енгізеді

АО «Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай - Банк) 2017 жылы қаңтарда Банктің өнімдер топтамасында заңды тұлғалар үшін жаңа қысқа мерзімді депозит – «Овернайт» пайда болатыны жөнінде хабарлайды.

Жаңа «Овернайт» депозиті – клиенттер үшін қосымша табыстың сенімді, тиімді және пайдалы көзі болып табылады. Банк ұлттық валютадағы бос ақшалай қаражаттарды бір жұмыс күніне тең мерзімге нарықтық мөлшерлемелер бойынша орналастыруды ұсынады.

«Жаңа депозитті енгізу Банктің өнімділік желісін кеңейтуге және нәтижесінде Qazaq Banki нарықтағы позициясын күшейтуге бағытталған. Біздің клиенттеріміз арасында танымал болады деп үміттенемін – деді «Qazaq Banki» АҚ Басқармасының Төрағасы Гани Токсанбаев – 2016 жылдың соңы ҚР банктік жүйесі үшін оңай болмады, бірақ біз өз капиталымызды көбейтуге, қызметтерімізді жақсартуға, сонымен қатар, жаңа өнімдерді әзірлеуге мақсат қойдық ».

Гани Токсанбаев Qazaq Banki 2016 жылды жақсы қаржы көрсеткіштерімен аяқтағанын және клиенттер алдындағы регуляторлық талаптар мен міндеттемелерін толық көлемде орындағанын айтты. «Сондай-ақ, біздің 2017 жылға көздеген жоспарларымыз зор: Жаңа филиалдар мен бөлімдерді ашу, жаңа процессингтік орталықты іске қосу, ұсынылатын қызметтерді жақсарту және тағы басқалары. Ал активтеріміздің көлемі және Банк капиталына тұрақты негізде әсер беретін акционерлер тарапынан барынша қолдау бізге алдағы уақытқа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді», – деп сөзін қорытындылады «Qazaq Banki» АҚ Басқармасының Төрағасы.

01.12.2016 жылғы күй бойынша Банк активтері 428 млрд теңгені құрады, соның ішінде несиелік қоржын 333 млрд теңгеге жетті. Міндеттеме 392 млрд теңгені құрады. Банктің меншік капиталы 35 млрд теңгені, соның ішінде жарғы капиталы 30 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың 11 айы ішінде қаржы нәтижесі 1 724 млн теңге көлемінде құралды.

Филиалдар желісі: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларын қамтиды.

«QazaqBanki» АҚ пресс-қызметі:
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz