Құрметті клиенттер!

6 Қаңтар 2017 ж. | 14:00

«Qazaq Banki» АҚ жеке тұлғаның нұсқауы бойынша аударым операцияларын жүргізу үшін Шарттағы келесі өзгертулер туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз (стандартты шарттар):
- Ережелерге № 15 қосымшаның 1-тарауы, 1.1-тармағы, 13-азатжолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Банк тарифтері – «Qazaq Banki» АҚ операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы Ережелерге сәйкес бекітілген, Клиенттерге ұсынылатын Банктің қызметі үшін комиссиялардың тізімі;
- Ережелерге № 15 қосымшаның 1-тарауы, 1.2-тармағы, 1.2.12-тармақшасы келесі редакцияда сөйлеммен толықтырылған: «Клиентке төлем құжатын орындаудан бас тарту туралы хабарлау Клиент Банкке жүгінген кезде ауызша тәртіпте, немесе операция жүргізу кезінде Клиент көрсеткен телефон нөмірі бойынша телефон шалу арқылы жүзеге асады.»;
- Ережелерге № 15 қосымшаның 2-тарауы, 2.1-тармағы, 2.1.4-тармақшасы, 4-азатжолындағы «Аты-жөні» сөзі «/Атауы» сөзімен толықтырылған.

Ізгі ниетпен,
"Qazaq Banki" АҚ