Qazaq Banki өз клиенттерін Ұлы дала әуенімен Наурыз Мейрамымен құттықтайды

17 Наурыз 2017 ж. | 16:28
«Qazaq Banki»АҚ қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрін құрметтейді және көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында өз клиенттеріне сыйлық жасайды. Мейрам алдындағы күндері Банк бөлімдерінде белгілі қазақ композиторларының қызу аспаптық әуені шырқалады, сонымен қатар дәстүрлі қазақ тағамдары ұсынылады.
 
«Qazaq Banki қазақ халқының музыкалық мұрасына, сондай-ақ, жалпы ұлттық мәдениетіне тулаған сезіммен қарайды, – дейді Банк Басқармасының Төрағасы Гани Токсанбаев. – Біздің ұлы ата-бабамыздың музыкалық шығармалары арқылы біздің еліміздің пайда болу тарихын ғана емес, оның негізгі белгілерін зерттеуге, сонымен қатар келешекке үңілуге болады деген сенімдемін. Әуеннің шығуы адамда керемет сезімдердің тұтас гаммасын оятуға қабілетті, сондықтан біздің клиенттер осы көктемгі күндері мерекені толықтай сезінгендігін қалаймыз». 
 
Сонымен қатар Qazaq Banki басшысы Банк қазақстандық қоғамдардың мәдени құраушысын, оның дәстүрлері мен салттарын өркендетуге, қолдауға және дамытуға бағытталған шараларға үнемі қатысатынын атап өтті. «Банктің қызмет көрсетудің негізі болып табылатын жоғарғы классты сервис біздің Банкіміздегі әр қызметкер мәдениеті мен кәсіпқойлығының жоғарғы деңгейінен басталады. Біздің бөлімшемізге келіп, әр клиент жедел түрде қонақжайлылық, жайлылық пен қауіпсіздік қалыпта қажетті қызметті алуға тиіс», - деді  «Qazaq Banki» АҚ Басқарма Төрағасы сөзін аяқтап.
 
01.03.2017 жылғы күйіне сәйкес Банк активтері 435 млрд. теңгені құрады, соның ішінде кредиттік қоржыны 324 млрд. теңгеге жетті. Міндеттемелер 396 млрд. теңгені құрады, 2017 жылғы екі айдағы таза пайда 212 млрд. теңге мөлшерінде құралды. Банктің жеке капиталы 01.03.2017 жылы 39 млрд. теңгені құрады.
 
Филиалдық желі келесі қалаларда ұсынылған: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент.
 
«Qazaq Banki» АҚ баспасөз қызметі:
Андрей Егорин
+7 (727) 380 39 51 (вн.00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz