Qazaq Banki Алматыда жаңа бөлімшесін ашады (Баспасөз хабарламасы)

11 Мамыр 2017 ж. | 11:09

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) Алматы қаласы, Абай даңғылы, 52 В, «Bayzak» бизнес-орталығы ғимаратында жаңа бөлімшесінің ашылатыны жайлы хабарлайды.
Банктің Алматы қалалық филиалының жаңа құрылымдық бөлімшесінің ашылуы ҚР банк нарығында филиалдық желіні дамытудың және қаржы институтының жайғасымын күшейтудің қабылданған стратегиясы аясындағы кезекті қадам болып табылады.
«Qazaq Banki» клиенттік базаны көбейту жөніндегі ұзақ мерзімдік және өршіл міндеттерді алдына қойып отыр. Қаржы институтымыз үшін қалыптасып қойған және әлеуетті серістестер үшін бір қадам жердегі қолжетімділікте тұру аса маңызды. Олар үшін жаңа өнімдер мен қызметтер әзірленеді, қызмет көрсетудің көтеріңкі сапа стандарттары енгізілуде және, әрине, жаңа филиалдар мен бөлімшелер ашылуда. Аталмыш жаңа орындарда Банкке келушілер үшін қолжетімділік, жайлылық және қауіпсіздік мәселелері алдыңғы орында тұр», – дейді Qazaq Banki Басқарма Төрағасы Ғани Тоқсанбаев.
 
Жаңа бөлімшеде клиенттерге Банктің жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлерге арналған өнімдер желісінің аясындағы банк қызметтерінің толық жинағы ұсынылмақшы. Үй-жайдың ішкі көрінісі Qazaq Banki фирмалық мәнерінде орындалған, онда ұлттық нақыштар мен заманауи алдыңғы қатарлы технологиялар үйлесім тапқан. Ауқымы кең күту орындары сапалы жиһазбен жабдықталған.
 
«Біз әрбір жаңа бөлімшенің жоспарлануына және ашылуына аса жауапкершілікпен қараймыз, – дейді Qazaq Banki Басшысы, – әрі Qazaq Banki клиенттерінің жаңа бөлімше жайлылығы мен функционалдылығын бағалайтынына сенімдіміз, ондағы білікті менеджерлер сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, кеңсемізге әрбір келушінің мәселелерін шешуде дербес тұрғыдан келетін болады. Қазір Банкте ұсынылатын қызметтер сапасына аса үлкен назар аударылуда. Клиенттердің операцияларды жүргізудің жоғары жылдамдығы және технологиялық сервистермен қатар қазақтың дәстүрлі қонақжайлылығын сезінуінің біз үшін маңызы зор».
 
Qazaq Banki нарықтағы серпінмен дамып келе жатқан банктердің бірі болып табылады.  01.05.2017 жылға дейінгі ахуалы бойынша Банкактивтері 427млрд теңгені құрады, соның ішінде кредиттік қоржын 329 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 387 млрд теңгені құрады. Банктің жеке капиталы 40 млрд теңгені құрап отыр, соның ішінде жарғылық капитал 33 млрд теңге. 2017 жылғы 4 ай ішіндегі қаржылық нәтиже 602 млн теңгемөлшерінде қалыптасты.
 
Филиалдар желісі мына қалаларда ұсынылған: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент.

«Qazaq Banki» АҚ PR-қызметі:
Андрей Егорин
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz