Құрметті клиенттер және серіктестер!

18 Мамыр 2017 ж. | 16:32
«Qazaq Banki» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Банк) Сіздерді Фурманов көшесі, 279 мекенжайында орналасқан Банктің Бас кеңсесінің Алматы қаласы, Республика алаңы, 15 үй мекенжайы бойынша жаңа кеңсеге жоспарланған орнын ауыстыру туралы ақпараттандырады.
 
2017 жылдың 1 маусымынан бастап Банк басшылығы мен қызметкерлері Сіздерді оңтүстік астана орталығындағы жаңартылған тарихи ғимараттың жайлы әрі кең жайларында көруге қуанышты.
Сондай-ақ Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 279 үй мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қалалық филиалдың Операциялық бөлімшесінің қызмет етуін жалғастырып, қызметтерді толық көлемде көрсететіндігін мәлімдейміз.
 
Құрметпен,
«Qazaq Banki» АҚ