Qazaq Banki Алматыда жаңа кеңсесін ашады

7 Маусым 2017 ж. | 12:14

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) Алматы қаласы, Республика алаңы, 15 мекенжайында жаңа кеңсесінің ашылғаны жайлы хабарлайды.Банктің жаңа кеңсесі алты қабатты ғимаратты алып отыр, онда заманауи операциялық зал және депозитариймен бірге Qazaq Banki бас кеңсесі қызметін жүзеге асыратын болады. Ол бұрын Фурманов көшесі, 279 мекенжайында орналасқан еді. Ескі мекенжайда Банктің операциялық бөлімі жұмысын жалғастыра бермекші.
Қызметкерлерге арналған үй-жайлармен бірге жаңа кеңсенің әрбір қабатында заманауи мәжіліс залдары, сондай-ақ Банктің жеке оқу орталығы орын тепкен. Оқу орталығында банк бөлімшелерінің қызметкерлері біліктілік деңгейлерін көтере алады.
 
«Аталмыш оқиғаның маңыздылығын асыра айтқанымыз емес, – дейді Qazaq Banki Басқарма Төрағасы Ғани Тоқсанбаев, – тарихи ғимараттың бөліктерін ұзақ уақыттық қайта қалпына келтіру және кең аумақты үй-жайлардың ішкі жабдықтарын жайластыру артта қалды. Мұнымызға клиенттер лайықты баға береді деп сенеміз. Республика алаңы – еліміздің әрбір тұрғыны үшін белгілі орын екені әрі Оңтүстік астананың басты көрікті жері екені құпия емес. Қазақстандықтар мен республика қонақтары бұдан былай Qazaq Banki сервистерін Тәуелсіздік Монументінің тура жанында, Алматының жүрегінде пайдалана алады».
 
«Qazaq Banki» АҚ қазіргі таңда қабылданған даму стратегиясын жүйелі түрде дамытуда, бизнес-процестерді жақсартып жатыр және қаржылық көрсеткіштерін табыспен күшейтуде. Банк Qazaq Banki-нің басты құндылықтары болып табылатын клиенттер алдындағы реттемелік талаптары мен міндеттемелерін толық көлемде орындауда. Жаңа бөлімшенің қызметкерлері келушілерге индивидуалды, олар үшін барынша тиімді қаржы шешімдерін қонақжай әрі жайлы ауанда ұсынатын болады. Жаңа кеңсенің ашылуы  – заманауи және жылдам дамушы қаржы институты ретінде Qazaq Banki-нің қалыптасуындағы ретті әрі өте маңызды қадам.