Qazaq Banki акционерлері жарғылық капиталды 2,2 млрд теңгеге көбейтті

26 Шілде 2017 ж. | 14:12

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) 26.07.2017 жылы жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын қарапайым акциялардың 2 200 000 данасын жоспарлы орналастыру жүргізілгенін хабарлайды, осының нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 35,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Банктің жеке реттеушілік капиталы сәйкесінше 45 млрд теңгеге дейін өсті.
 
Банктің жарғылық капиталының көбеюі отандық банк саласында Qazaq Banki жайғасымын нығайтуға бағытталған стратегияны жүзеге асыру аясында жүргізілді.
 
«Біз жарғылық капиталды жоспарлы түрде өсіруді жалғастырамыз. Осылайша, Банктің қаржылық жағдайын нығайтуға талпынысымызды көрсетеміз, – дейді Qazaq Banki Басқармасының Төрағасы Ғани Тоқсанбаев. – Банк капиталын кезекті жоспарлы еселеу акционерлердің ағымдағы құрамы тұрғысынан жан-жақты қолдауды анық көрсетеді. Сонымен қатар 2017 жылдың соңына дейін активтердің өсу шамасына қарай акционерлер Банктің реттеуші талап ететін деңгейге дейінгі үстеме капиталдандыруды жүзеге асыруға дайын».
Банктің басшысы нарықтағы күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Qazaq Banki кредиттеу көлемін тоқтатып қоймай, өсіре түскенін, бірінші кезекте ШОБ субъектілері мен бөлшек сауда секторын кредиттеген аз ғана топты құрайтын екінші қатардағы банктердің бірі болып табылатынын, бұл Банктің бұрыннан келе жатқан және әлеуетті клиенттеріне деген ниеттестігін әрі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты.
«Бұрын хабарланғандай, «Qazaq Banki» АҚ және «Bank RBK» АҚ акционерлері арасында екі қаржы институтын біріктіру туралы түбегейлі уағдаластыққа қол жеткізіліп, тиісті меморандумға қол қойылды. Алайда екі банктің қосылуының техникалық тұрғыдан жүзеге асырылуы біршама оңай емес және сондықтан да ұзақ процесс болып табылады. Мәміле іс жүзінде аяқталғанға дейін, Банк жеке қаржы институты ретінде қызмет етуін жалғастырады және клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерін, сол сияқты акционерлер тарапынан толық қолдау кезінде реттеушілік талаптарды толық көлемде орындайды», – деді сөз соңында Ғани Тоқсанбаев.
01.07.2017 жылға дейінгі ахуалы бойынша Банк активтері 421 млрд теңгені құрады, соның ішінде кредиттік қоржын 327 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 381 млрд теңгені құрады. Банктің жеке капиталы 40 млрд теңгені құрады, соның ішінде жарғылық капитал 33 млрд теңге. 2017 жылғы 6 ай ішіндегі қаржылық нәтиже 768 млн теңге мөлшерін құрап отыр.
 
 
Филиалдық желі Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында бар.
 
 
«Qazaq Banki»АҚ PR-қызметі:
Андрей Егорин
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz