«Qazaq Banki» АҚ-ын құнды қағаздар нарығында банктік және басқа да операциялар мен қызметтерді  көрсету бойынша лицензиядан айыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылдың 27 тамызында қабылдаған шешімге байланысты «Qazaq Banki» АҚ барлық басқару органдарының құзырлары тағайындалған уақытша әкімшілікке өтті.
Барлық сауалдар бойынша «Qazaq Banki»  АҚ-ының уақытша әкімшілігінің басқарушысы  Отцова Анфиса Леонидовнаға хабарласуға болады:+7 (727) 380-39-51, +7 (727) 380-39-99, +7 (717) 291-92-60 және info@qazaqbanki.kz
Банк салымшылары депозиттерінің кепілділігі жөніндегі қосымша ақпаратты www.kdif.kz сайтындағы іс жүзіндегі заңнамадан оқып біле алады. Мамандардың кеңесін жедел желінің 8 8000 80 10 20 (тегін) нөмері бойынша алуға болады.
Банктік қарыз шарттарына отырған жеке тұлғаларға, қарыз шарты бойынша Қазақстан Республикасының кез келген екінші деңгейлік банктеріне төменгі деректемелер бойынша ақшалай қаражатты жіберу арқылы, уақытылы өтеуді іске асыру қажет.

В связи с принятым 27 августа 2018 года решением Правления Национального Банка Республики Казахстан о лишении АО «Qazaq Banki» лицензии на осуществление банковских и иных операций и деятельности на рынке ценных бумаг назначена временная администрация, к которой перешли полномочия всех органов управления АО «Qazaq Banki».
По всем интересующим вопросам можно обратиться к руководителю временной администрации АО «Qazaq Banki» Отцовой Анфисе Леонидовне по телефонам +7 (727) 380-39-51, +7 (727) 380-39-99, +7 (717) 291-92-60 и info@qazaqbanki.kz
Вкладчики могут получить дополнительную информацию по вопросам гарантирования депозитов, ознакомиться с законодательством в актуальной редакции на сайте www.kdif.kz. Консультации специалистов по номеру горячей линии 8 8000 80 10 20 (звонок бесплатный).
Физическим лица, заключившим договоры банковского займа, необходимо своевременно осуществлять погашение задолженности перечислением денежных средств на реквизиты Банка, указанные в договоре займа, через любые банки второго уровня Республики Казахстан.
Специализированным межрайонным экономическим судом города Алматы принято решение о принудительной ликвидации АО «Qazaq banki» и возбуждении ликвидационного производства, а также возложении на республиканское государственное учреждение "Национальный Банк Республики Казахстан" обязанности по созданию ликвидационной комиссии банка с учетом его филиалов и представительств.
29 ноября 2018 года на Решение суда подана апелляционная жалоба и принята к рассмотрению судом первой инстанции (СМЭС г. Алматы).
Таким образом, Решение суда не вступило в законную силу.
Максимальный срок рассмотрения дела в суде апелляционной инстанции – два календарных месяца. Если суд апелляционной инстанции не удовлетворит апелляционную жалобу, то  решение суда вступит в законную силу в момент оглашения.

Qazaq Banki акционерлері жарғылық капиталды 2,2 млрд теңгеге көбейтті

26 Шілде 2017 ж. | 14:12

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) 26.07.2017 жылы жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын қарапайым акциялардың 2 200 000 данасын жоспарлы орналастыру жүргізілгенін хабарлайды, осының нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 35,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Банктің жеке реттеушілік капиталы сәйкесінше 45 млрд теңгеге дейін өсті.
 
Банктің жарғылық капиталының көбеюі отандық банк саласында Qazaq Banki жайғасымын нығайтуға бағытталған стратегияны жүзеге асыру аясында жүргізілді.
 
«Біз жарғылық капиталды жоспарлы түрде өсіруді жалғастырамыз. Осылайша, Банктің қаржылық жағдайын нығайтуға талпынысымызды көрсетеміз, – дейді Qazaq Banki Басқармасының Төрағасы Ғани Тоқсанбаев. – Банк капиталын кезекті жоспарлы еселеу акционерлердің ағымдағы құрамы тұрғысынан жан-жақты қолдауды анық көрсетеді. Сонымен қатар 2017 жылдың соңына дейін активтердің өсу шамасына қарай акционерлер Банктің реттеуші талап ететін деңгейге дейінгі үстеме капиталдандыруды жүзеге асыруға дайын».
Банктің басшысы нарықтағы күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Qazaq Banki кредиттеу көлемін тоқтатып қоймай, өсіре түскенін, бірінші кезекте ШОБ субъектілері мен бөлшек сауда секторын кредиттеген аз ғана топты құрайтын екінші қатардағы банктердің бірі болып табылатынын, бұл Банктің бұрыннан келе жатқан және әлеуетті клиенттеріне деген ниеттестігін әрі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты.
«Бұрын хабарланғандай, «Qazaq Banki» АҚ және «Bank RBK» АҚ акционерлері арасында екі қаржы институтын біріктіру туралы түбегейлі уағдаластыққа қол жеткізіліп, тиісті меморандумға қол қойылды. Алайда екі банктің қосылуының техникалық тұрғыдан жүзеге асырылуы біршама оңай емес және сондықтан да ұзақ процесс болып табылады. Мәміле іс жүзінде аяқталғанға дейін, Банк жеке қаржы институты ретінде қызмет етуін жалғастырады және клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерін, сол сияқты акционерлер тарапынан толық қолдау кезінде реттеушілік талаптарды толық көлемде орындайды», – деді сөз соңында Ғани Тоқсанбаев.
01.07.2017 жылға дейінгі ахуалы бойынша Банк активтері 421 млрд теңгені құрады, соның ішінде кредиттік қоржын 327 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 381 млрд теңгені құрады. Банктің жеке капиталы 40 млрд теңгені құрады, соның ішінде жарғылық капитал 33 млрд теңге. 2017 жылғы 6 ай ішіндегі қаржылық нәтиже 768 млн теңге мөлшерін құрап отыр.
 
 
Филиалдық желі Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында бар.
 
 
«Qazaq Banki»АҚ PR-қызметі:
Андрей Егорин
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz