Qazaq Banki акционерлері жарғылық капиталын қосымша 3,2 млрд теңгеге арттырды

24 Тамыз 2017 ж. | 18:02

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) 2017 жылға Банкті капиталдандыру жөніндегі жоспардың аясында жалпы сомасы 3,2 млрд теңге сомасына 3 200 000 дана қарапайым акцияларды орналастырудың жүргізілгендігін хабарлайды, нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 38,7 млрд теңгеге артты. Дербес капиталы сәйкесінше, 45,3 млрд теңгеге дейін өсті.
 
Жарғылық капиталдың кезекті толтырылуы жоспарлы үдеріс болып табылады және акционерлердің Банкті одан әрі тұрақты өсуі үшін және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барынша қолдауға дайын екендігін көрсетеді. 
 
"Банктің жарғылық капиталын арттыру Qazaq Banki дамытудың ағымдағы стратегиясының аясындағы жоспарланған кезең болып табылады,- деп атап өтті Qazaq Banki Басқармасының Төрағасы - Ғани Тоқсанбаев. - Банк стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруда, бизнес үдерістерін жақсартуда және дербес қаржылық көрсеткіштерін өсіруде. Банктің жоспарлы қосымша капиталдандыруының аясындағы қосымша салымдар қазақстандық қаржы нарығында Банк позициясын нығайтуға көмектеседі".
 
Алдын, 2017 жылдың шілдесінде Банктің жарғылық капиталы акционерлермен 2,2 млрд теңгеге толтырылды.
01.08.2017 жылғы жағдай бойынша Банктің активтері 434 млрд теңгені құрады, оның ішінде, несие портфелі 334 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 392 млрд теңгені құрады. Банктің дербес капиталы 42 млрд теңгені, оның ішінде жарғылық капитал 36 млрд теңгені құрады. Қаржы нәтижесі 2017 жылдың 7 айында 806 млн теңге көлемінде құрылды.
Филиалдың желісі келесі қалаларда ұсынылған: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент.
 
«Qazaq Banki» АҚ баспасөз қызметі:
Игорь Бушмелев
+7 (727) 380 39 51 (ішкі.00676)
+7 707 323 55 80
I_Bushmelev@qazaqbanki.kz