Qazaq Banki акционерлері «Bank RBK» АҚ-мен қосылу рәсімінің тоқтатылуы туралы мәлімдеді

12 Қазан 2017 ж. | 15:18

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Bank RBK» АҚ-мен бірігу бойынша үрдісті тоқтату туралы хабарлайды. Қосылуды болдыртпау туралы шешім құрылым басшыларының дамуды өзіндік қаржы институттары ретінде жалғастыру ниетімен негізделген.
 
Аталмыш қадам, ең алдымен, Банк клиенттері мен серіктестерінің мүдделерімен талап етілді. Ұзақ уақыттық кеңес берулер және келіссөздерден кейін бұдан әрі даму келешектерін бағалай отырып, бүгінгі таңда алып отырған жағдайда өз қызметтерін өзіндік қаржы институты ретінде ұсынуды жалғастыру барынша мақсатқа сай және тиімдірек болар делінген шешім қабылданды.
 
Осыдан ертерек хабарланғандай, 31.05.2017 жылы «Qazaq Banki» АҚ және «Bank RBK» АҚ басшыларымен бірігу ниеті туралы жарияланды және өзара түсінік туралы меморандумға қол қойылды. Алайда қосылу бойынша келісімнің техникалық іске асырылуы орын алмады. Банк өзіндік және тәуелсіз қаржы институты ретінде қызмет етуін жалғастыруда және толық көлемде өз клиенттерінің алдында барлық міндеттемелерді орындауда. Сондай-ақ Банк 2017 жылы екі рет Банкті жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге жете капитализациялаған акционерлер тарапынан тегіс қамтитын қолдау жағдайында пруденциялық нормативтері бойынша реттегіш талаптарын толығымен қадағалауда. S&P халықаралық агенттігімен берілген халықаралық шкала бойынша рейтинг 2014 жылдан бері «В-»деңгейінде өзгеріссіз қалды.
01.10.2017 жылға жағдайы бойынша Банк активтері 451 млрд. теңгені құраған, оның ішінде несие портфелі 348 млрд. теңгеге жеткен. Міндеттемелер 405 млрд. теңгені құрады. Банктің жеке капиталы 46 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жарғы капиталы 39 млрд. теңге. 2017 жылдың 10 айы үшін қаржы нәтижесі 1 462 млн теңге көлемінде құрылған.
 
Филиалдар желісі келесі қалаларда ұсынылған: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент.
 
 
 «Qazaq Banki» АҚ PR-қызметі
Андрей Егорин
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz