Әлеуметтік аударымдар сомаларын есептеуге қатысты

15 Қараша 2017 ж. | 10:43

Сізді «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 603 Қаулысымен «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысына өзгерістердің енгізілгендігі туралы ақпараттандырамыз.
Қаулыға сәйкес әлеуметтік аударымдар Қорға әлеуметтік аударымдар жасалынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылар тізімдерін қосымшалай отырып, қолма-қол емес тәртіпте, есептік айдан кейінгі айдың 25 жұлдызынан кеш емес мерзімде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ арқылы төлеушілермен жасалынады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиынмен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін жуықтатылады.

Жоғарыда мазмұндалғанмен байланысты Мемлекеттік корпорациямен әлеуметтік аударымдар үшін бақылаулардың келесі түрлері бекітілген:
- 2017 жылға әлеуметтік аударымдардың минималды сомасы 1 223 теңге (1 теңгеге дейін жуықталуын ескере отырып);
- 2017 жылға әлеуметтік аударымдардың максималды сомасы 12 230 теңге (1 теңгеге дейін жуықталуын ескере отырып);
Тиындарда есептелген әлеуметтік аударымдар сомалары Мемлекеттік корпорациямен төлеушілерге (түзету жасалынады) қайтарылады.
 

Құрметпен,
"Qazaq Banki"  АҚ