QazaqBanki капиталды 8 млрд. теңгеге ұлғайтады

25 Желтоксан 2017 ж. | 16:28

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі- Банк) 22.12.2017 жылы Банктің жеке капиталының 8 млрд. теңгеге жоспарлы ұлғайтуының іске асырылғандығын хабарлайды.
 
«Qazaq Banki капиталының ұлғайтылуы Ұлттық Банктің пруденциялық нормативтердің өзгерістері және жаңа жылдан бастап ХҚЕС стандарттарының күшіне енуіне байланысты капиталға қойылатын барынша жоғарылатылған талаптарға толығымен сәйкес келуге ұмтылумен ғана талап етілмеген, - деп атап өтті Qazaq Bank iБасқармасының Төрағасы Ғани Тоқсанбаев, жүргізілген капиталсыздану Банктің бұдан әрі өсуі және оның несиелік рейтингтерін жақсарту үшін жеткілікті қаржы резервін қамтамасыз етеді».
 
Бұрындары атап өтілгендей, Qazaq Banki акционерлерімен клиенттер және серіктестер алдында міндеттемелерді орындау және қаржы институтының тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін 60 млрд теңге көлемінде қорды құрылған. Банк негізгі бөліктің түсімі 2018 жылдың қаңтарында күтілетін, мәлімделген сомадан алғашқы траншты алып үлгерді.
Жоғарыда аталған әрекеттер кезекті рет Банктің ағымдық акционерлерінің тұрақты негізде қаржы институтын дамытуға қолдау көрсетуге және Қазақстанның банктік жүйесінде оның позициясын нығайтуға даярлығын көрнекі түрде көрсете білді.
01.12.2017 жылғы жағдайы бойынша Банк активтері 429 млрд теңгені құрап, оның ішінде несие портфелі 339 млрд теңгеге жеткен. Міндеттемелер 382 млрд. теңгені құраған. Банктің жеке капиталы 47 млрд. теңгені, оның ішінде жарғы капиталы 39 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың 11 айы үшін қаржы нәтижесі 2 890 млн теңге көлемінде құралған.
 
Филиалдық желі келесі қалаларда ұсынылған: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент
 
«Qazaq Banki» АҚ PR-қызметі:
Андрей Егорин
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz