Құрметті клиенттер!

26 Қаңтар 2018 ж. | 12:49

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі – Банк) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың банктік есепшоттары бойынша сыйақы түрінде алынған табыстарға салық салынатындығын хабарлайды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Банк, салық агенті ретінде, 15% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің салымдары бойынша төленетін сыйлықақы сомасынан ұстайды.
 
Құрметпен,
«Qazaq Banki» АҚ