Банктегі істердің ағымдық жай-күйіне қатысты «Qazaq Banki» АҚ түсініктемесі
19 Сәуір 2018 ж. | 12:41
ҚР Ұлттық банкінің қызметі туралы 18.04.2018 жылғы жиналысқа қатысты «Qazaq Banki» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) келесіні хабарлайды
01.04.2018 жылға жағдайы бойынша Qazaq Banki активтері 339 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде несие портфелі 273 млрд. теңгеге тең. Міндеттемелер 290 млрд. теңгені, оның ішінде клиенттер қаражаты 190 млрд. теңгені құрайды. Банктің жеке капиталы 48 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жарғы капиталы – 39 млрд. теңге. 2018 жылдың алғашқы 3 айы үшін ағымдық пайда 2 551 млн теңге көлемінде қалыптасқан.
Банктің кейбір көрсеткіштерінің нашарлауының себебі, ең алдымен, 2013-2016 жж. аралығында Ж.Ж. Ертаев және Б.Ж. Ибрагиммен (ірі қатысушы) тағайындалған тұлғалардың басқару кезінде орын алған және басым бөлігі жоғарыда аталған тұлғалармен тікелей байланысты қарыз алушыларға берілген сапасыз несиелердің салдары болып табылады. Сондай-ақ 2017 жылдың соңына Ж.Ж. Ертаевпен байланысты тұлғалардың басқаруымен «Bank RBK» АҚ айналасындағы оқиғаларға орай 2017 жылдың соңында Банктің өтімділігінің жылыстауы орын алған.
Банктің ағымдық басшылығы және қазіргі акционерлер капиталдың жеткіліктілігін және қаржы институтының өтімділігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда. Яғни, 2016 жылдың соңынан бастап бүгінгі таңға дейінгі кезең үшін Qazaq Banki акционерлері мен үлестес тұлғалары Банкке жалпы сомасы 150 млрд.теңгеден асатын, оның ішінде 16,6 млрд. теңге сомасына жете капиталдандыру түрінде және шамамен 120 млрд.теңге сомасына өтімділікті тартуға қаржылау қолдауды көрсетті. Бүгінгі таңдағы Банк капиталының жеткіліктілігі ҚР Ұлттық Банкінің қажетті талаптарынан асып түседі. Ағымдық акционерлер бұдан әрі де Банкті қолдауға ниетті және қаржы институтының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге барлық қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда «Qazaq Banki» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен Банкті сауықтандыруға қатысты іс-шаралар жоспарын, оның ішінде 2016 жылдың соңына дейін берілген мәселелік қарыздардан қаржы институтының балансын атап айтқанда құқық органдарымен бірге айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарта отырып, тазалау іс-шараларының жоспары талқылануда.
Жоспарланған іс-шаралардың аясында «Qazaq Banki» АҚ акционерлері мен басшылығы келесі бірнеше айдың ішінде барлық жедел міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті көлемде өтімділікті тартуға ниетті.
«Qazaq Banki» АҚ PR-қызметі
+7 (727) 380 39 51 (ішкі 00728)
press@qazaqbanki.kz