«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) 2020 жылғы тарату өндірісінің барысы

29 Қаңтар 2021 ж. | 15:58
01.01.2021 жылғы жағдай бойынша Банктіңактивтері 201 612 млн. теңгені құрайды, оның ішінде ақша қаражаты мен оның баламалары – 98 млн. теңге;Банк міндеттемелері 81 390 млн. теңге.
Банктің тарату комиссиясы кредиторлар талаптары тізімінің 2-ші кезектегі кредиторларымен 2 330 млн. теңге сомасына (талаптардың жалпы сомасының 11,36%) есеп айырысуды жүзеге асырды.
Жалпы алғанда, Банк кредиторларының талаптарын одан әрі қанағаттандыру мөлшері мүлікті сату және активтерді өндіруден тарату массасына келшп түскен ақшаларға тәуелді.
Тарату комиссиясымен Банк борышкерлеріне қатысты талап-арыз жұмыстары жалғастырылмақ. Банкті тарату басталғаннан бері соттарға жалпы сомасы 126 342 млн. теңге және 162 млн. АҚШ долларын құрайтын барлығы 108 талап арыз берілді. Сот шешіміне сәйкес және соттан тыс тәртіпте қарыз алушылар және борышкерлермен, 2020 жылы, 1 256 млн.теңге сомасында қарыз төленді.
 
 
Банктің тарату комиссиясының жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз: Алматы қ. Төлебаев көш., 38/61, "Жетісу" БО, 4-қабат, тел.: +7 727 380 39 51.