Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту туралы.

11 Қаңтар 2022 ж. | 09:50
Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 05 қаңтардан бастап 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минутқа дейінгі кезеңге төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында "Qazaq Banki" АҚ (бұдан әрі – Банк) тарату комиссиясы мынаны хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шаралары туралы 10.01.2022 жылғы №8 бұйрығына сәйкес төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсыну тәртібі бекітілді.
 
Төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтініш ТЖ кезеңінде қаржылық жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылады. Төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтініштерді банктің тарату комиссиясы жеке тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуға қатысты қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 357 37 98.
 
ТЖ кезеңінде қаржылық жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кейінге қалдыруды ұсынуға өтініш электрондық түрде мекенжайы бойынша берілуі мүмкін info@qazaqbanki.kz