Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды беру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы.

21 Қаңтар 2022 ж. | 08:54
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 20.01.2022 жылғы № 28 бұйрығына сәйкес "Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 10.01.2022 жылғы №8 бұйрығына өзгерістер енгізілді, онда төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі бекітілді.
Төлемді кейінге қалдыру туралы өтініш 04.04.2022 жылғы мерзімінде,төтенше жағдай кезеңінде қаржылық жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады. Төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтініштерді Банктің Тарату комиссиясы жеке тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде қарастырады. Төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуға қатысты қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 357 37 98.
Несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде Банктің Тарату комиссиясы банктік қарыз шарттары бойынша өсімақыны(айыппұлдарды, өсімақыны) есептемейді және төлеуді талап етпейді.
Төтенше жағдай кезеңінде қаржылық жай-күйінің нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кейінге қалдыруды беруге өтініш электрондық түрде осы адреске жыберуге болады: info@qazaqbanki.kz.