Банк кредиторлары талаптары тізімінің 2-ші кезегіндегі кредиторға төлем жургізуді жүзеге асыру туралы

2 Мамыр 2023 ж. | 11:40
02.05.2023 ж. жағдай бойынша "QazaqBanki" АҚ тарату комиссиясы (бұдан әрі – Банк), Банк кредиторларының талаптары тізімінің екінші кезегіндегі "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ кредиторына 5 100 000 000,00 теңге сомасында төлем жүргізді, бұл кредитор алдындағы берешектің жалпы сомасының 24,86% - ын құрайды.