«Bolashaq» банктік салымы

Негізгі шарттары*:
Салымды ата-анасының бірі немесе өзге заңды өкілі (бұдан әрі салушы) 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаға (бұдан әрі – салымшы) ашады.
Мерзім, ай                   12, 24, 36, 48, 60
Валютасы KZT USD EUR
Салымның ең аз сомасы 3 000 40 40
Сыйақы мөлшерлемесі  11,4% 1% 1%
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі** 12% 1% 1%
Сыйақы төлеу әдісі  Банк шотына ай сайынғы капиталдандыру немесе банк шотына ай сайынғы төлем, соның ішінде банк картасын қолданумен (бар болса).
Қосымша жарналар
Шектелмеген
Бір бөлігін алу Қарастырылмаған
Ұзарту
Шектелмеген
 
Мерзімінен бұрын бұзу шарттары Есептелген сыйақыны жоғалтпай 30 күннен кейін. Салымшы  жасқа толған жағдайда, салымды салымшының өзі жаба алады.
Салымшы 14 жасқа толмаған жағдайда,салымшының барлық заңды өкілдерінің қатысуы қажет (не болмаса Банктегі заңды өкілдерінің бірінің қатысуы мүмкін емес екені жайлы растаушы құжат).
Ашу үшін қажетті құжаттар
 
- салушының жеке басын куәландыратын құжат;
- жас баланың туу туралы куәлігі;
-салушы қорғаншы/қамқоршы боп табылған жағдайда: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы қол қойылған және мөр басылған, не «электронды үкімет» веб-порталынан www.egov.kz(бұдан әрі– портал)алынған қағаз тасығыштағы қорғаншылық және қамқорлық органы (білім беру және денсаулық сақтау уәкілетті органдары арқылы жергілікті атқару органдары) берген қорғаншылық және қамқорлық жайлы анықтама.
* Қазақстан Республикасының заңнамасымен мәмілелерді қарастыруға/мақұлдауға және жасауға жекелеген процедуралар белгіленген мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банктің ІНҚ белгіленген процедураларға және мерзімдерге сәйкес жасалады.
** Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерінің мәндерінде ауытқушылықтар (+/- жылдық 0,1%) болуы мүмкін (салым мерзімі ішіндегі күндердің нақты санына байланысты).
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы мөлшерлемелерін (шынайы құнын) есептеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы №137 Қаулысына сәйкес есептелген.
Сыйақы мөлшерлемесі «Qazaq Banki» АҚ Басқармасы отырысының 24.11.2017 ж. №61 (01.12.2017 ж. бастап қолданысқа енгізілген).