«QazaqBanki» АҚ тарату комиссиясы Банктің орналасқан мекен-жайыныңөзгергені туралы хабарлайды.
           2019 жылдың 24 маусымынан бастап, «Qazaq Banki» АҚ келесі мекен-жай бойынша орналасады:
  • Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38 (4 қабат), Мақатаев к-сінің қиылысы,
Анықтама үшін телефондар өзгеріссіз: 8 (727) 380-39-51, 380-39-99.
 
  • Нур-Султан қ., Иманов к-сі, 11, «НурСаулет-1» БО, тел. 8 (717) 291 92 60.
Банктің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, 13-00-ден 14-00-ге дейін үзіліс.
 
«Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясының реквизиттері:
Тенгеде(KZT)
СТТН 600700017765; БСК NBRKKZKX; БСН 950140000367
ЖСК KZ12125KZTJ001300310 ҚР ҰБ КОжҚСО (филиалі); БСК NBRKKZKX; КБЕ 14
Валютада:
USD- Алушы: АО «Qazaq Banki»; БСН 950140000367; БСК NBRKKZKX
ЖСК KZ35125USDJ001300310 ҚР ҰБ КОжҚСО (филиалі)
Корреспонденттік Банкі CITIUS33, acc. 36017752; KNP3501414
EUR - Алушы: АО «Qazaq Banki»; БСН 950140000367; БСК NBRKKZKX
ЖСК KZ91125EURJ001300310 ҚР ҰБ КОжҚСО (филиалі)
Корреспонденттік Банкі MARKDEFF, acc. 5040040039; KNP3501414
RUB - Алушы: АО «Qazaq Banki»; БСН 950140000367; БСК NBRKKZKX
ЖСК KZ36125RUBJ001300310 ҚР ҰБ КОжҚСО (филиалі)
Корреспонденттік Банкі ПАО Сбербанк SABRRUMM012;
корреспонденттік есепшоты 30101810400000000225
БСК 044525225; ССН 7707083893; KNP3501414
 

"Даму өңірлер III" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасы

 
 "Даму өңірлер III" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасының талаптары
Несие берілетін субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын және/немесе орта кәсіпкерлік субъектілері
Қарыздың мақсатты мәні -  Жаңа негізгі құралдарды сатып алуға және жаңартуға;                                                                         
-   айналымдағы қаражатты толықтыруға
Сыйақы мөлшерлемесі 14% жылдық
Ең ұзақ қаржыландыру мерзімі көп дегенде 84 ай
Бір Қарыз алушыға қойылатын ең жоғарғы лимит 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге 
Қарыз бойынша бір қарыз алушының банк алдындағы негізгі борыш қалдығы бойынша, сондай-ақ қаржыландыру көзі «Даму» қорыболып табылатын барлық басқа қарыздар бойынша жиынтық сальдо – көп дегенде 750 000 000,00 теңге.
Қаржыландырылатын сала «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының талаптарына сәйкес
Несиелік желі бойынша қол жетімді кезең 1 жылға дейін
Бағдарлама бойынша міндетті талап «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай Бағдарламасының шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚкепілдіктерін алу 
Ерекше талап Бағдарлама шеңберінде қаржыландыру алған Қарыз алушылар субсидия және/немесе кепілдік алу үшін БЖК2020 Бірыңғай бағдарламасынақатысуға өтінім беруге құқұқылы;                                                                                                                                                 
Қарыз алушылардың жобалары субсидия және/немесе кепілдік алу үшін БЖК2020 Бірыңғай бағдарламасының талаптарына сәйкес болуы керек.
Келесі мақсаттарға Қарыздар беруге тыйым салынады  1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға;
2) Қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің шығындарының орнын толтыруға;
3) сенімді тұлғаларға (агенттерге) қызметтерді төлеуге;
4) Қарыз алушылардың қарыздарын/несиелерін қайта қаржыландыруға;
5) қару-жарақты, құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа мүлікті өндіруді немесе жеткізуді қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға;
6) ойын бизнесін ұйымдастыруды/дамытуды қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға;
7) лаңкестік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген басқа қызметпен байланысты қызметті қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға; 
8) жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде Қарыз алушының қатысушылары/акционерлері/лауазымды тұлғалары ертеректе көтерген шығындарды, олардан алынған қаржылай көмекті өтеуге;
9) аффилиирленген / байланысты компаниялардан / тұлғалардан негізгі құралдарды, активтерді сатып алуға;
10) бірнеше аффилиирленген ақырғы қарыз алушылардың жалпы сомасы 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден асатын бір бизнес-жобаны жүзеге асыруына;                                                                                                                                                          
11) акцизделген тауарларды шығаруды (бұған кепілдік құралы қолданылғанда моторлы көлік құралдарын шығару және меншікті өндіріс жүзімінен шарап өндірісі жатпайды) қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға;
12) кез келген бағалы қағаздарға инвестициялауды қарастыратын жобаларға;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер Тізіміне енгізілген және металлургиялық өнеркәсіпке жобаларды жүзеге асыратын Қарыз алушылар үшін (кепілдендіру құралы қолданылғанда қосылады);
14) қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазуды есептемегенде тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға (кепілдендіру құралы қолданылғанда қосылады);
15) қонақ үйлерді немесе қонақ үй кешендерін сатып алуға (кепілдендіру құралы қолданылғанда қосылады);
16) кейіннен үшінші тұлғаларға рәсімделетін мүлікті/активтерді сатып алуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға тиесілі жер телімінде нысан құрылысын салуға (бұған мемлекет меншігіндегі жер теліміне салынатын құрылыс жатпайды).
Келесілер Бағдарлама бойынша ақырғы қарыз алушы бола алмайды: 1) оффшор аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар,  сондай-ақ құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) оффшор аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар; 
2) «Государственное кредитное бюро» АҚ/ «Первое кредитное бюро» ЖШС деректеріне сәйкес қарыз алған күні мерзімі кешіктірілген несие берешегі бар ШОКС;
3) мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары және акционерлері) болып табылатын заңды тұлғалар (бұған кепілдендіру құралы қолданылғанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жатпайды);
4) коммерциялық емес заңды тұлғалар.