«Тарату қоры» салымының валютасы Теңге, АҚШ доллары
 «Тарату қоры» салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі Тұрақты, «Тарату қоры» салымының қолданылу мерзімі ішінде
«Тарату қоры» салымы бойынша сомалар мен мерзімдер Клиент ұсынған келісімшарттан және/немесе келісімшарт сомасы және Салым шартың жасау үшін қажет мерзім көрсетілген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу бағдарламасынан ұсталым негізінде белгіленеді.
Есептелген сыйақыны капиталдандыру Қарастырылмаған
Сыйақыны есептеу  Ай сайын, айдың соңғы жұмыс күні, депозит қаражатының орташа сараланған қалдығына, іс жүзіндегі күн үшін жүргізіледі.
Сыйақыны төлеу Салымшыға Салым шартының қолданылу мерзімінің соңына есептелген сыйақы сомасын Салымшының Салым шартында көрсеткен деректемелері бойынша аудару арқылы төлейді (корпоративтік табыс салығын шегерумен).
Қосымша жарналар Шарттары, мөлшері және мерзімділігі келісімшартта белгіленеді және дербес келісіледі. Бұл жағдайда Салым шартына қосымша келісім жасалады (ОБП №3 Қосымша).
Ішінара алу Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның жазбаша келісімі негізінде.
 «Тарату қоры» салымын айырбастау Қарастырылмаған.
Мерзімін ұзарту Қарастырылмаған. Салым шартының қолданылу мерзімінің соңында «Тарату қоры» салымының негізгі сомасын және сыйақыны талап етпеген жағдайда есептелген сыйақы сомасымен «Тарату қоры» салымының сомасы (корпоративтік табыс салығын шегерумен) Салымшының көрсетілген деректемелері бойынша аударылады.
Мерзімінен бұрын бұзу Салым шартын Салымшы Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның жазбаша келісімі негізінде мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Салымшы Банкке Салым шартын бұзудың болжамды күніне дейін 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын «Тарату қоры» Салымының сомасын талап ету ниеті туралы хабарлауға міндетті. «Тарату қоры» салымы бойынша сыйақы келесі тәртіпте төленеді:
a)         егер «Тарату қоры» салымын орналастыру мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем мерзімді құраса, сыйақы төленбейді;
b)        егер «Тарату қоры» салымын орналастыру мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық мерзімді құраса, сыйақы Салым шартын бұзу сәтінде Банк бекіткен «Талап еткенге дейін» салым мөлшерлемесі бойынша есептеледі (корпоративтік табыс салығын шегерумен).
Сыйақы мөлшерлемесі
теңге АҚШ доллары
2,0% 1,0%
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
теңге АҚШ доллары
2,0% 1,0%