«Qazaq Banki» АҚ мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ арасында Алматы қ. «Жибек Жолы» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы

«Qazaq Banki» АҚ мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ арасында Алматы қ. «Жибек Жолы» Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына қатысу туралы Келісіміне қол қойылды.  
 
Бағдарламаның Түпкілікті қарызгерлерге арналған негізгі шарттары.
1. Мақсатты топ   ҚР заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын және:
- Алматы қ. аумағында Қаржыландыру жобасына ресми түрде тіркелген және жүзеге асыратын;
- №1 Қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ басым салаларында Жобаны жүзеге асыратын шағын және/немесе орта кәсіпкерлік субъектісі.
Бұл жағдайда Түпкілікті қарызгер бола алмайтындар:
1)Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылдың 10 ақпанындағы №52 «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекеттер туралы» Бұйрығымен және/немесе Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Басқармасының 2008 жылы 2 қазандағы №145 «Банк және сақтандыру қызметтер мақсаты, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар қызметі және бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын өзге қызметтер түрі, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметі үшін Оффшорлық аймақтар тізімін бекіту туралы» Қаулысымен және/немесе Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар, құрылтайшылар (соның ішінде қатысушылар, акционерлер);
2)«Мемлекеттік несие бюросы» АҚ/ «Бірінші несие бюросы» ЖШС/ деректеріне сәйкес тапсырыс берген күнде екінші деңгейлі банк/лизингтік компания/ микроқаржылық ұйым/ банк операцияларының бөлек түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйымдар алдында мерзімі өткен қарыз берешегі (қаржы міндеттемелері) бар шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі;
3)тапсырыс берген мезетте АЕК 10 есе мөлшерде құрайтын немесе асатын бюджеттегі салық және өзге міндетті төлемдер, бюджеттегі міндетті зейнетақы салымдары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері. Берешектің жоқтығы Түпкілікті қарызгер тапсырыс берген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджеттегі міндетті төлемдер бойынша берешек жоқтығы жөнінде мемлекеттік кірістер органының анықтамасымен расталады;
4)бұрын берілген бюджеттік несие бойынша берешегі бар шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі. Бұл жағдайда бұрын берілген бюджеттік несие бойынша берешегі жоқ шартын растау қаржыландыруға шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісінің тапсырысында расталуы тиіс;
5)құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылар, акционерлері) болып акциясының елу не одан көп пайызы (жарғы капиталындағы қатысушы үлесі) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқару холдингі, ұлттық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар, мемлекет, ұлттық басқару холдингі, ұлттық холдинг, ұлттық компания (кепілдік беру құралын қолдану барысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) иелігінде болып табылатын заңды тұлғалар;
6)мемлекеттік кәсіпорындар;
7)қазыналық кәсіпорындар;
8)коммерциялық емес заңды тұлғалар;
9)өзі бойынша Банктің қауіпсіздік қызметімен анықталатын теріс сипаттағы ақпарат бар шағын және/немесе орта кәсіпкерлік (соның ішінде микрокәсіпкерлік) субъектісі.
2. Қаржыландыру мақсаты - негізгі құралдардың жаңаларын сатып алуға және барын жаңартуға;
- айналым қаражатын толтыруға берілетін несиелер.
3. Валюта Теңге
4. Ең көп сома   бір кәсіпкерге180 млн. теңге 
 
5. Несие мерзімі -негізгі құралдардың жаңаларын сатып алуға және барын жаңартуға – 84 (сексен төрт) айға дейін;
-айналым қаражатын толтыруға – 36 (отыз алты) айға дейін;
6. Несие бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі    
жылдық 7% .
7. негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі   Банк шешімімен белгіленетін 12 (он екі) айға дейін
8. Комиссиялар мен айыппұлдар   Банк тарапынан Түпкілікті қарызгер үшін:
1)Түпкілікті қарызгерлермен бастама алатын несиелеу шартын өзгертумен байланысты;
2)есептік-кассалық қызмет көрсетуден алынатын (аудару, конвертациялау, есеп жүргізу және т.б. );
3)Бағдарлама бойынша несиелік тапсырысты қарастырғаны / несиені бергені үшін - қарыз сомасынан 1% артық емес мөлшерде алынатын комиссиялардан өзге
комиссияны белгілеу рұқсат етілмейді
 
Түпкілікті қарызгерлер үшін:
1)Қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұлды;
2)негізгі қарызды өтеу мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімақы, қарыз бойынша сыйақыны - мерзімін өткізіп алған күннің әрбір күніне мерзімін өткізіп алу берешегінің сомасынан  0,2 % артық емес
белгілеу рұқсат етілмейді.  
 
9. Қосымша шарттар Келісім аясында қаржыландыруды алған Түпкілікті қарызгерлер «2020 бизнестің жол картасы» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасына немесе кепілдікті алу үшін Қордың өзге бағдарламасына қатысу өтінімін беру құқығына ие болады.
 
10. Шектеулер
 
Түпкілікті қарызгерлерге Қарызды келесі масақттарға беруге тыйым салынады:
1)Түпкілікті қарызгерлердің әрекет ететін Қарыздарын қайта қаржыландыруға;
2)заңды тұлғалардың жарғы капиталдарына қатысуға;
3)Түпкілікті қарызгерлердің шаруашылық қызметінің шығындарының орнын толтыруға;
4)сенімді өкілдің (агенттің) қызметін төлеуге;
5)Түпкілікті қарызгердің бұрын келтірілген шығындарын, жеке және заңды тұлғалардан, соның ішінде Түпкілікті қарызгерлердің жекеменшік иелерінен /акционерлерінен/лауазымды тұлғаларынан алынған қаржылық көмектерін өтеуге;
6)қаруды, құрамында есірткі бар заттарды және/немесе азаматтық айналымнан алынған өзге мүлікті өндіруді және/немесе жеткізуді қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға;
7)ойын бизнесін ұйымдастыруды/дамытуды қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға;
8)лаңкестікпен және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынған кез келген өзге қызметпен байланысты қызметті қарастыратын жобаларды жүзеге асыруға;
9)кез келген бағалы қағаздарға инвестициялауды қарастыратын жобаларға;
10)Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылдың 10 ақпанындағы №52 «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекеттер туралы» Бұйрығымен және/немесе Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Басқармасының 2008 жылы 2 қазандағы №145 «Банк және сақтандыру қызметтер мақсаты, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар қызметі және бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын өзге қызметтер түрі, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметі үшін Оффшорлық аймақтар тізімін бекіту туралы» Қаулысымен және/немесе Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқық актілерінде қарастырылған оффшорлық аймақтарда тіркелген/ашық заңды мекенжай/контрагенттердің банк шотының деректемелері туралы ақпаратқа ие кез келген шарттар/келісім-шарттар/келісімдер бойынша төлемдерді жүзеге асыруға.
11)аффилиирленген/байланысты компаниялардан / тұлғалардан  активтерді, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға.
12)үшінші тұлғаларға рәсімделетін салдардан мүлікті/активтерді сатып алуға, сондай-ақ, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін қоспағанда,  үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде құрылыс нысанын жүзеге асыруға;
13)Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес жалғандық немесе немқұрайлық белгісі айқын көрінетін мәміле бойынша төлем жасауға. Жалғандық немесе немқұрайлық дерегі сот шешімімен белгіленеді.
 
Түпкілікті қарызгерге Бағдарлама қаражаты есебінен әр түрлі банкте бір уақытта қарыз алуға тыйым салынады.
 
11. Міндетті шарттар   1)Банктің Түпкілікті қарызгерлерді қаржыландыруы есептесудің қолма-қол емес ақшамен ғана жүзеге асырылады.

2)Бағдарлама бойынша Қарыз алған Түпкілікті қарызгерлер:
- келесі жылы қызметкерлердің орта жылдық санын қаржыландыру жылымен салыстырғанда 1 (бірден) кем емес мәнге ұлғайтуға және қызметкерлердің осы санын қаржыландыру мерзімі соңына дейін сақтауға;
- кезекті қаржы жылы бойынша салық төлемінің жыл сайынғы -  алдыңғы қаржы жылы бойынша салық төлемінің көлемінен салыстырғанда кем дегенде 5% (бес пайыз) мөлшеріндегі өсімін қамтамасыз етуге міндетті.