«Qazaq Banki» АҚ-ын құнды қағаздар нарығында банктік және басқа да операциялар мен қызметтерді  көрсету бойынша лицензиядан айыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылдың 27 тамызында қабылдаған шешімге байланысты «Qazaq Banki» АҚ барлық басқару органдарының құзырлары тағайындалған уақытша әкімшілікке өтті.
Барлық сауалдар бойынша «Qazaq Banki»  АҚ-ының уақытша әкімшілігінің басқарушысы  Отцова Анфиса Леонидовнаға хабарласуға болады:+7 (727) 380-39-51, +7 (727) 380-39-99, +7 (717) 291-92-60 және info@qazaqbanki.kz
Банк салымшылары депозиттерінің кепілділігі жөніндегі қосымша ақпаратты www.kdif.kz сайтындағы іс жүзіндегі заңнамадан оқып біле алады. Мамандардың кеңесін жедел желінің 8 8000 80 10 20 (тегін) нөмері бойынша алуға болады.
Банктік қарыз шарттарына отырған жеке тұлғаларға, қарыз шарты бойынша Қазақстан Республикасының кез келген екінші деңгейлік банктеріне төменгі деректемелер бойынша ақшалай қаражатты жіберу арқылы, уақытылы өтеуді іске асыру қажет.

В связи с принятым 27 августа 2018 года решением Правления Национального Банка Республики Казахстан о лишении АО «Qazaq Banki» лицензии на осуществление банковских и иных операций и деятельности на рынке ценных бумаг назначена временная администрация, к которой перешли полномочия всех органов управления АО «Qazaq Banki».
По всем интересующим вопросам можно обратиться к руководителю временной администрации АО «Qazaq Banki» Отцовой Анфисе Леонидовне по телефонам +7 (727) 380-39-51, +7 (727) 380-39-99, +7 (717) 291-92-60 и info@qazaqbanki.kz
Вкладчики могут получить дополнительную информацию по вопросам гарантирования депозитов, ознакомиться с законодательством в актуальной редакции на сайте www.kdif.kz. Консультации специалистов по номеру горячей линии 8 8000 80 10 20 (звонок бесплатный).
Физическим лица, заключившим договоры банковского займа, необходимо своевременно осуществлять погашение задолженности перечислением денежных средств на реквизиты Банка, указанные в договоре займа, через любые банки второго уровня Республики Казахстан.
Специализированным межрайонным экономическим судом города Алматы принято решение о принудительной ликвидации АО «Qazaq banki» и возбуждении ликвидационного производства, а также возложении на республиканское государственное учреждение "Национальный Банк Республики Казахстан" обязанности по созданию ликвидационной комиссии банка с учетом его филиалов и представительств.
29 ноября 2018 года на Решение суда подана апелляционная жалоба и принята к рассмотрению судом первой инстанции (СМЭС г. Алматы).
Таким образом, Решение суда не вступило в законную силу.
Максимальный срок рассмотрения дела в суде апелляционной инстанции – два календарных месяца. Если суд апелляционной инстанции не удовлетворит апелляционную жалобу, то  решение суда вступит в законную силу в момент оглашения.

«Qazaq Banki» АҚ және ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында Астана қ. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру Бағдарламасы

«Qazaq Banki» АҚ және ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында Астана қ. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру Бағдарламасында (Даму-Бизнес) қатысу туралы Келісімге қол қойылды.
 
Ақырғы заем алушылар үшін бағдарламаның негізгі шарттары.
1. Мақсатты топ ҚР заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын шағын және/немесе орта кәсіпкерліктің субъектісі және:
-  ресми тіркелген және қаржыландыру жобасын Астана қаласының аумағында жүзеге асырушы/жүзеге асыруды жоспарлаушы.
 
Сонымен бірге Ақырғы заем алушы ретінде төмендегі бола алмайды:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тұлғалар;
2) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10 ақпан 2010 жылғы №52 бұйрығында және/немесе «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы №145 Қаулысында және/немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар, құрылтайшылар (соның ішінде қатысушылар, акционерлер);
3) Екінші деңгейлі банк/лизингтік компания/кішігірім қаржы ұйымы/банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйым алдында «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ/ «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС деректеріне сәйкес қаржыландыруға қатысты өтінімді беру күніне мерзімі кешіктірілген қарыз бойынша берешегі (қаржылық міндеттемелер) бар шағын немесе орта кәсіпкерліктің субъектісі;
4) Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша өтінімді беру күніне АЕК 10-еселік өлшемін құрайтын немесе одан асып түсетін берешегі бар шағын немесе орта кәсіпкерліктің субъектілері. Берешектің болмауы Ақырғы заем алушы қаржыландыруға өтінімді беру күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген мемлекеттік кірістер органының бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектерінің болмауы туралы анықтамасымен расталады;
5) Осыған дейін берілген бюджеттік несиелер бойынша берешегі бар шағын немесе орта кәсіпкерліктің субъектісі. Сонымен қатар, осыған дейін берілген бюджеттік несиелер бойынша берешектің болмау шартының растауы шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісінің қаржыландыруға өтінімді беру күні расталуы тиіс;
6) Құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) ретінде ұлттық басқару холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар болып табылатын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқару холдингіне, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда – кепілдендіру құралын қолдану кезінде) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалар;
7) мемлекеттік кәсіпорындар;
8) қазыналық кәсіпорындар;
9) коммерциялық емес заңды тұлғалар;
10) Банктің қауіпсіздік қызметімен айқындалатын олар туралы келеңсіз сипаттағы сенімді ақпарат бар шағын немесе орта кәсіпкерліктің субъектілері.
2. Қаржыландырудың мақсаты арналған несиелер:
1. кешенді кәсіпкерлік лицензияны сатып алуға (франчайзинг) ЭӨЖС барлық салаларында шектеусіз, соның iшiнде жаңа құралдарды сатып алуға және негізгі құралдарды жаңғыртуға, және кешенді кәсіпкерлік лицензияны сатып алу (франчайзинг) арқылы жүзеге асырылатын жоба бойынша айналым қаражатын толықтыруға;
2. жаңа құралдарды сатып алуға, негізгі құралдарды жаңғыртуға және ЭӨЖС төмендегі салаларында айналым қаражатын толықтыруға:
1) 47 Бөлшектеп сауда жасау, автомобильдерді және мотоциклдерді сатудан басқа
2) 56.1 Мейрамханалар және азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер.
 
3. Валюта Теңге.
4. Максималды сомасы Бір кәсіпкер үшін70млн. теңгеденкөп емес.
 
5. Несиенің мерзімі -        кешенді кәсіпкерлік лицензияны сатып алуға (франчайзинг) – 84 (сексен төрт) айға дейін;
-        жаңа құралдарды сатып алуға және негізгі құралдарды жаңғыртуға – 84 (сексен төрт) айға дейін;
-        айналым қаражатын толықтыруға – 36 (отыз алты) айға дейін.
6. Несие бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі  
жылдық 8,5%.
7. Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең  
Банктің қалауы бойынша орнатылатын 18 (он сегiз) айға дейін.
8. Комиссиялар және айыппұлдар Ақырғы заем алушы үшін Банк тарапынан комиссияларды белгілеуге жол берiлмейдi, төмендегі жағдайларды қоспағанда:
1) Ақырғы заем алушылардың бастамасы бойынша несиелендіру шарттарын өзгертумен байланысты;
2)есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін алынатын ақы (аудару, айырбастау, шотты жүргізу және т.с.с.);
3)    Бағдарлама бойынша несие өтінімді қарастыру/несиені беру үшін алынатын ақы - Заем сомасынан 1% көп емес;
 
Ақырғы заем алушылар үшін белгілеуге жол берілмейді
1) Заемды мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұлдар;
2) негізгі борышты өтеу мерзімін кешіктіріп алғаны үшін салынатын өсімпұлдар, заем бойынша сыйақылар - әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімін кешіктіріп алған берешек сомасынан 0,2% астам.
 
9. Қосымша шарт Келісім шеңберінде қаржыландыруды алған Ақырғы заем алушылар кепілдік алу үшін «Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында немесе Қордың басқа бағдарламаларында қатысуға өтінім беруге құқылы.
 
10. Шектеулер Ақырғы заем алушыларға Заемдарды төмендегі мақсаттарға беруге тыйым салынған:
1)       заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарында қатысу;
2)       Ақырғы заем алушылардың шаруашылық қызметінің шығындарын жабу;
3)     сенiм бiлдiрiлген тұлғалардың (агенттердің) қызметтері үшін төлеу;
4)          Ақырғы заем алушыларға осыған дейін келтірілген шығындарды өтеу, жеке және заңды тұлғалардан, соның ішінде Ақырғы заем алушының қатысушыларынан/акционерлерінен/лауазымды тұлғаларынан алынған қаржылай көмекті өтеу;
5)          Ақырғы заем алушының әрекет етуші заемдарын/ несиелерін қайта қаржыландыру;
6)          акцизделетін тауарларды / өнімдерді шығаруды және көтерме сатуды көздейтін мақсаттарға,
7)           қаруды, құрамында есірткі бар заттарды және/немесе азаматтық айналымнан шығарылған өзге де мүлiктi өндіру және/немесе жеткізу;
8)             Ойын құмар бизнесті ұйымдастыруды/дамытуды көздейтін жобаларды жүзеге асыруға;
9)             лаңкес және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген басқа да қызметпен байланысты қызметті көздейтін жобаларды жүзеге асыруға;
10)         кез келген бағалы қағаздарға инвестицияларды көздейтін жобаларға;
11)          «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10 ақпан 2010 жылғы №52 бұйрығында және/немесе «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы №145 Қаулысында және/немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделгеноффшорлық аймақтарда тіркелген/ашылған қарсы әріптестердің заңды мекенжайы және/немесе банктік шотының деректемелері туралы ақпаратты қамтитын кез келген шарттарды/келісім-шарттарды/келісімдерді төлеуге.
12)      аффилиирленген/байланысты компаниялардан/тұлғалардан активтерді, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға.
13)кейіннен үшінші тұлғалардың атына рәсімделетін мүлікті/активтерді сатып алуға, сондай-ақ, мемлекет меншiгiндегi жер телімінде құрылысын салу жағдайларын қоспағанда, үшінші тұлғаларға тиесілі жер телімінде нысанның құрылысын жүзеге асыруға;
14)             Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жалғандықтың немесе көлгірліктің айқын белгілері бар мәмілелер үшін төлеуге. Жалғандықтың немесе көлгірліктің фактісі соттың шешімі бойынша анықталады;
15)             алкоголь және темекі өнімдерін сатып алуға.
 
Ақырғы заем алушыларға заемдарды Бағдарлама бойынша ұсынылатын қаражат құралдары есебінен түрлі банктерде бір уақытта алуға тыйым салынады.
11. Міндетті шарттар Заем алушымен несие құралдарын қолдану есеп-айырысудың қолма-қол ақшасыз күйінде ғана жүзеге асырылады.
 
Банк заем алушының қаржыландыруын Аймақтық үйлестіру кеңесінің (Астана қаласының) оң шешімі бар болған жағдайда ғана жүзеге асырады.