Теңгедегі салымдар бойынша бағам айырмашылығын төлеу

14 Қыркүйек 2015 ж. | 11:37
Қазақстан Республикасы Президентінің салымдар (2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңында қалдық сомасы 1 000 000,49 тиын (бір миллион 49 тиын) теңгеден (қоса есептегенде) аспаған) жөніндегі тапсырмасына сәйкес еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты құрылған бағам айырмашылығы төленеді.

Бағам айырмашылығын алу жөніндегі негізгі сұрақтармен танысып шығуыңызды сұраймыз.
 
1.  Бағам айырмашылығын төлеуге қатысу үшін не керек?
2015 жылғы 15 қыркүйектен бастап «Qazaq Banki» филиалына/бөлімшесіне (өзіңіз салым ашқан) барып, жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсетіп, жаңа «Президенттік» салымын рәсімдей аласыз.
 
2.  Бағам айырмашылығын алуым үшін алғашқы салымға қандай талаптар қойылады?
Бағам айырмашылығын алуыңыз үшін «Qazaq Banki» АҚ ашылған, келесі талаптарға сәйкес келетін салымыңыз болуы керек:
- салым валютасы: теңге;
- 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңындағы ақша қаражатының қалдығы 1 000 000,49 теңгеден аспауы керек;
- міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ашылған салым бұған жатпайды, яғни салым банктік қарыз бойынша кепіл қамтамасыз етуі болмау керек;
- салым шартты емес.
 
Ескерту: 50 (елу) тиыннан аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, 50 (елу) тиынға тең және одан көп сома 1 (бір) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
 
3.  2015 жылғы 18 тамыздан кейін салымымды алып қойсам / салымымды толықтырған болсам / жауып қойсам не істеуім керек?
18 тамыздан кейін сомасы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келетін салым бойынша қандай да бір операциялар жасаған болсаңыз (салымыңызды алсаңыз, толықтырсаңыз, жапсаңыз), 2015 жылғы 18 тамыздың соңындағы қалдыққа тең немесе одан аз сомаға «Президенттік» салымын ашып, өтемақы алу үшін мемлекет акциясына қатыса аласыз.

Көңіл бөліңіз! 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңында біздің Банкте теңгеде салымыңыз болуы керек әрі салым сомасы 1 000 000,49 теңгеден аспауы керек.
 
4.   Менің бірнеше депозитім бар. Өтемақы алуға қатыса аламын ба?
Сіз әрбір депозитіңіз бойынша өтемақы ала аласыз. Бұл орайда, әрқайсысының қалдық сомасы 2015 жылғы 18 тамыз соңында 1 000 000,49 теңгеден аспайтын депозиттер өтеледі.
«Президенттік» салымы әрбір алғашқы салым бойынша жеке-жеке рәсімделеді, яғни «Президенттік» депозиттерінің саны алғашқы депозиттер санына тең болады, соған сәйкес бағам айырмашылығы да әрбір салым бойынша жеке-жеке төленеді.
 
Негізгі талап: 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңында әрбір депозиттің қалдық сомасы 1 000 000,49 теңгеден аспауы керек.
 
5.   Арнайы депозитті қанша уақыттың ішінде ашуға болады?
Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша бағам айырмашылығын төлеу тәртібін бекіту туралы Ұлттық Банктің  09.09.2015 ж. №157 Қаулысына сәйкес  «Президенттік» салымын 2015 жылғы 1 қазанға дейін, қоса есептегенде, ашуға болады. 2015 жылғы 1 қазаннан кейін «Президенттік» депозитін ашуға өтініштер қабылданбайды. 
 
6.   «Президенттік» салымы қандай сомаға ашылады?
«Президенттік» салымын 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңындағы қалдық сомасынан аспайтын кез келген сомаға алғашқы салымда ашуға болады. Осылайша, Сіз аз сомаға аша аласыз.
 
Көңіл бөліңіз! Акцияға 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңында  1 000 000,49 теңгеден аспайтын депозиттер қатысады.
 
Бағам айырмашылығы төленетін депозит бойынша соманың қалдығын анықтау мысалдары.
 
7.  Бағам айырмашылығы қашан төленеді?
Төленетін күн – 2016 жылғы 10 қазан. Бағам айырмашылығын алу үшін ақша қаражаты толық көлемде 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін алынбай «Президенттік» салымына орналастырылуы керек.
 
8.  Төлем мөлшері қандай болады?
Сіз 2015 жылғы 18 тамыз бен 2016 жылғы 30 қыркүйек арасындағы бағам айырмашылығы есепке алынатын өтемақы аласыз. Төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келесі формуласы бойынша есептеледі:
 
                С өтемақы = (
 
Т2
 
-1)*С қалдық
Т1
 
мұндағы:
Сөтемақы- төленуге тиісті бағам айырмашылығының сомасы;
Т2 – 2016 жылғы 30 қыркүйектегі теңгенің АҚШ долларына бағамы.
Т1 - 2015 жылғы 18 тамыздағы теңгенің АҚШ долларына бағамы.
Сқалдық– бағам айырмашылығы төленуге тиісті салым сомасы;
 
9.  «Президенттік» салымы бойынша Бағам айырмашылығы сомасынан басқа сыйақы бар ма?
«Президенттік» салымы бойынша Ұлттық Банк кепілдік берген бағам айырмашылығы сомасынан басқа «Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ талаптарына сәйкес осы кездегі барынша мүмкін болып табылатын 10% жылдық номиналды мөлшерлемесі (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 10,5% жылдық) бойынша сыйақы есептеледі.
 
Бұл орайда, көңіл бөліңіз! Сыйақы ай сайын депозит сомасына (бағам айырмашылығы сомасына емес) есептеледі.
 
10. 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін «Президенттік» банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзсам, Бағам айырмашылығы сомасын аламын ба?
Банктік салым шартын 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін мерзімінен бұрын бұзсаңыз (арнайы жинақ шотты жапсаңыз), Сіздің салымыңыз бағам айырмашылығы төленуге тиісті депозиттердің ішінен алынып тасталады. Осылайша, 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін жабылатын депозиттер бойынша бағам төлемі төленбейді.
2016 жылғы 30 қыркүйектен кейін бұзылатын шарттар бойынша бағам айырмашылығы толық төленеді.