«Qazaq Banki» АҚ Банк басқармасының Құрамы өзгергенін хабарлайды

9 Қыркүйек 2016 ж. | 12:31

2016 жылдың 8 қыркүйегінде «Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар Кеңесі Қаңтар Орынбаевтың Банк Басқармасының Төрағасы ретіндегі өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Осымен қатар Басқарма Төрағасының орынбасары Ерлан Келімбетовті 09.09.2016 ж. бастап, Басқарма Төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы ретінде тағайындау туралы шешім қабылданған болатын.

Ерлан Келімбетов Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолында «Альянс Банк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ сияқты ірі қаржы ұйымдарында басқарушылық лауазымдарын атқарған. 2013 жылдың 22 сәуірінен бері – «Qazaq Banki» АҚ Басқарушы директоры. 2014 жылдың 10 желтоқсанында «Qazaq Banki» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған.

Бүгін де «Qazaq Banki» АҚ стратегиялық жоспарларын табысты орындап, бизнес-процестерді жетілдіруде және қаржылық көрсеткіштерін жақсартуда. Осылайша, Банк Даму стратегиясының аясында 2016 жылдың басынан бері қарай активтерінің көлемі бойынша нарықтағы үлесін 1,4пайыздан 1,6 пайызға арттырса, несиелікпортфель бойынша нарықтағы үлесі 1,5 пайыздан 2,0 пайызға, депозиттік портфель бойынша 1,5 пайыздан 1,8 пайызға артқан.
01.09.2016 ж. жағдай бойынша Банк активтері 400 млрд теңгені құрап, несиелік портфель 305 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 367 млрд теңгені, ағымдағы жылда келтірілген таза пайда 650 млн теңгені, меншікті капитал 32 млрд теңгені құрады. Филиалдық желілер Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында ашылған.

«Qazaq Banki» АҚ Баспасөз-қызметі
+7 (727) 380 39 51 (00676)