Төлем карточкалары бойынша тарифтерге енгізілген өзгертулер

27 Наурыз 2017 ж. | 15:48
Құрметті клиенттер!
 
 «Qazaq Banki» АҚ төлем карточкалары бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге «Qazaq Banki» АҚ Тарифтеріне» (бұдан әрі – Төлем  карточкалары бойынша тарифтер) өзгертулердің енгізілгенін хабарлайды.
Өзгертулер 11.04.2017 ж. бастап күшіне енеді.

Клиент енгізілетін өзгертулермен келіспеген жағдайдатөлем карточкалары бойынша   Тарифтерге өзгертулер және (немесе) толықтырулар қолданылатын күнге дейін ТК үшін ағымдағы шотты ашу, оған қызмет көрсету және төлем карточкасын шығару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт)  өзгертулер күшене енгенге дейін Шартты бұзу туралы өтініш беру арқылы бұл жөнінде Банкке жазбаша түрде хабарлап, шарттың бұзылуы үшін қосымша комиссия төлемей бұзуға құқылы. Клиент Банк Шарттың бұзылуы жайлы жазбаша хабарлама алмаған жағдайда немесе Клиенттен жазбаша хабарлама алынғанымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда шотты жабу мүмкін болмаған кезде төлем  карточкалары бойынша Тарифтерге өзгертулер Клиентпен акцепттелген және күшіне енген болып танылады.