Құрметті клиенттер мен серіктестер!

22 Мамыр 2017 ж. | 13:53

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан әрі - Банк) екі қаржы институты - «Qazaq Banki» АҚ және «Bank RBK» АҚ қосылатындығы туралы принципиалды шешімді қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
Қосылу туралы акционерлердің шешімі ҚР Ұлттық банкінің толық қолдауымен, Qazaq Banki клиенттерінің мүдделері үшін қабылданды және елдің банк саласындағы қаржы институтының бәсекелес позицияларын нығайтуға көмектесетін болады.

Біріктірілген Банк банк нарығындағы ең ірі қаржы ойыншыларының бірі болып табылады, ол ақшалай қаражатты несиелеу мен орналастыру үшін болсын, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға операциялық қызмет көрсет үшін болсын клиенттер үшін ең үздік шарттарды ұсыну кезінде Банктің мүмкіндіктерін біршама кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қосылу бойынша мәмілелер толық аяқталғанға дейін  Qazaq Banki жеке қаржы институты ретінде қызмет етуді және банк қызметтерінің толық спектрін кәдімгі режимде көрсетуді жалғастырады. 
Банкпен алдын қабылданған Клиенттер мен Серіктестердің алдындағы барлық міндеттемелер дер кезінде және толық көлемде орындалады. 
 
Құрметпен,
«Qazaq Banki» АҚ