«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды жасауға арналған деректемелеріне қатысты

27 Маусым 2017 ж. | 17:46

Құрметті клиенттер!
Сіздерді 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі туралы хабарландырамыз.

Осыған байланысты «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ 08.06.2017 жылғы №01-31-01/1005 хатына сәйкес мекемелерге, кәсіпорындарға және өзге төлеушілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды жасау кезінде келесі деректемелерді қолдану қажет:
 
Атауы Жаңа деректемелер
Бенефициар «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ
Бенефициарбанкі «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ
БенефициарБСК БСК GCVPKZ2A
БенефициарЖСК KZ92009MEDS368609103
БенефициарБСН БСН 160440007161
 
Осыған қоса медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде келесі төлемдердің тағайындалу кодтарын (ТТК) қолдану қарастырылған
121 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
 
122 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар
 
123 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақыттылы емес аударым үшін өсімпұл
 
124 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақыттылы емес аударылуы үшін өсімпұл