Құрметті клиенттер!

11 Қаңтар 2018 ж. | 16:15

Осыдан бұрын хабарланғандай, 26.12.2017 жылы «Qazaq Banki» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары бойынша талаптар құқықтарын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ҚИК» АҚ) қайта табыстау туралы бас келісімі бекітілді. Сәйкес хабарламалар Банк клиенттеріне жазбаша түрде жөнелтілген болатын.
Бұл келісім ең алдымен клиенттердің мүдделеріне негізделген. Бекітілген келісімнің арқасында Банкте жаңа ипотекалық бағдарламаларды енгізу үшін мүмкіндіктер пайда болды. Сондай-ақ Qazaq Banki, әлеуметтік-жауапты қаржы институты ретінде, «ҚИК» АҚ іске асырылатын және қазақ отбасыларын жеке баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың пайда болуына қолдау көрсетеді.
Осыған байланысты Банк клиенттері үшін ипотекалық қарыздар шарттары бойынша талаптар мен несиелерді өтеу рәсімі өзгеріссіз қалады. Ай сайынғы төлемдерді қабылдау «Qazaq Banki» филиалдары мен бөлімшелеріндегі операциялық бөлімшелерімен іске асырылады.

Несиелерге ағымдық қызмет көрсетуге байланысты барлық сұрақтар, сондай-ақ сіздің қарызыңыз бойынша талап құқығын берілгендігі туралы ақпаратты алу үшін +7 (727) 250 55 77;7770 (ұялы телефоннан тегін) телефондары арқылы Qazaq Banki Call-center немесе Банк филиалдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Несиелендіруден кейінгі қызмет көрсету, қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу және өзге техникалық сұрақтар бойынша +7 (727) 344 12 22 телефоны арқылы «ҚИК» АҚ Call-center немесе 8 800 080 44 48 қызу желі нөмірімен жүгінулеріңізді сұраймыз.
 
Құрметпен,
Qazaq Banki