Науқандар



«Визамен Саяхатқа шығыңыз» акциясына сұрақ-жауап:

1) Акцияның әрекет ету мерзімі қандай?

2017 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың 31 тамызын қоса алғанға дейін.

2) Акцияға кімдер қатыса алады?

Акцияға Қазақстан Республикасының азаматты – Акция басталғанға дейін 18 жасқа толған және Қазақстан Республикасы банктерімен шығарылған Visa Electron, Visa Classic, Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite (әрі қарай карталар) қолданыстағы бір немесе бірнеше карталарын ұстаушы жеке тұлға қатыса алады.

3) Акцияның шарттары қандай?

Жүлде ұтатын мүмкіндікке ие болу үшін:

a) Картамен операцияны жүзеге асыру – POS-терминалдар арқылы картаны қатыстырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сауда-қызмет желілерінде 3 000 (үш мың) теңге баламасына тең немесе 3 000 (үш мың) баламасынан артық сомада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет түрлеріне төлем жасау керек.

b) Жоғарыда айтылған сома көрсетілген тиісті POS-терминал чегін www.visa.com.kz сайтындағы тіркеу үлгісі арқылы тіркеу керек.

c) Тіркелген чекті Акция кезеңінде және жүлделерді (ұтқан жағдайда) алғанға дейін сақтау қажет.

4) Акцияға қандай транзакциялар қатыса алады?

Акцияға шетелдерде POS-терминалдар арқылы карталардың жеке қатысуымен тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет түрлеріне төленген транзакциялар қатыса алады. Чектегі сома 3 000 теңге баламасына тең немесе 3 000 теңге баламасынан артығырақ болуы керек.

5) Төленген соманың баламасы қалай анықталады?

Теңгемен төленген соманың баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен төлем жасау күніне бекітілген теңгенің төлем валютасының бағамына сай анықталады. Акцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтындағы валюталар ресми бағамына сілтеме жасай отырып, теңгемен төленген соманың болжалды баламасын өздігінен есептей алады. Назар аударыңыз, осылайша есептелген сома тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге төленген нақты сомадан ерекшеленуі мүмкін, себебі Сіздің банктің айырбастау бағамы ҚР ҰБ бағамынан ерекшеленуі мүмкін.

6) Акцияға қатысу үшін қанша чекті тіркеуге болады?

Сіздің чектерді шексіз тіркеуге мүмкіндігіңіз бар. Чектер көбірек болса – жеңіске де жол ашылмақ.

7) Шетелде он-лайн арқылы есептессем, акцияға қатыса аламын ба?

Жоқ. Төлемдер POS-терминал арқылы картаның қатысуымен жасалған болса ғана, акцияға қатысуға болады.

8) Шетелде банкоматтан қолма-қол ақша алған болсам, акцияға қатыса аламын ба?

Жоқ. Банкоматтан қолма-қол ақша алу операциясы акция ережелеріне сәйкес келмейді.

9) Акцияның чектер мен транзакцияға қатысты тағы қандай шектеулері бар?

Акцияға жіберілмейтіндер: (1) карта шоттарынан жеке тұлғалар шоттарына аударылған қаражаттар бойынша транзакциялар, (2) тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет түрлеріне Интернет арқылы төлем жасалған транзакциялар, (3) жасанды, өз қолымен жасалған, заңсыз алынған және/немесе заңнаманы бұзу арқылы алынған чектер, (4) қатысушыларға тиесілі емес карталарды қолдану арқылы алынған чектер, 5) акцияға қатыспайтын адамдардан алынған және тіркелген чектер.

10) Акцияға қатысатын төлемдер жасалған елдер бойынша шектеулер бар ма?

Акция Visa карталары қабылданатын әлемнің барлық елдерінің аумағында әрекет етеді.

11) Акция Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ете ме?

Жоқ. Акцияға Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде жасалған операциялар қатысады.

Қазақстан Республикасының аумағында Акция жеңімпаздарын анықтау және жүлделерді тапсыру шарасы жүзеге асырылады.

12) Акция жеңімпазы қалай анықталады?

Жеңімпаз random.org қызметінің көмегімен, нотариустің қатысуымен, қатысушы тіркелген барлық чектердің арасынан кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.

13) Акцияда қандай жүлделер болады және олардың саны қанша?

Жүлде қоры 3 (үш) экшн камера, 3 (үш) шабадан және 1 (бір) автокөліктен тұрады.

Ұтыс ойындар кестесі:

Акцияны өткізу кезеңінде жүлде қорының үш ұтыс ойыны өткізілетін болады:

Бірінші ұтыс ойыны – Акция өткізілетін кезеңде соңғысын қоса алғанда 01.06.2017ж. 00 сағат 00 минуттан 30.06.2017ж 23 сағат 59 минутқа дейін, және соңғысын қоса алғанда 01.06.2017 ж. 00 сағат 00 минуттан 30.06.2017 ж. 23 сағат 59 минутқа дейін, сайтта тіркелген қолма-қол ақшасыз жасалған операциялар бойынша 07.07.2017ж. ойнатылады. Арнайы жүлделер ойнатылады: шабадан 1 (бір) бірлік, экшн камера 1 (бір) бірлік.

Екінші ұтыс ойыны – Акция өткізілетін кезеңде соңғысын қоса алғанда 01.06.2017ж. 00 сағат 00 минуттан 31.07.2017ж. 23 сағат 59 минутқа дейін, және соңғысын қоса алғанда 01.07.2017 ж. 00 сағат 00 минуттан 31.07.2017 ж. 23 сағат 59 минутқа дейін, сайтта тіркеліп, қолма-қол ақшасыз жүзеге асқан операциялар бойынша 07.08.2017ж. ойнатылады. Арнайы жүлделер ойнатылады: шабадан 1 (бір) бірлік, экшн камера 1 (бір ) бірлік.

Үшінші ұтыс ойыны – 07.09.2017 ж. 2 (екі) кезеңде өткізіледі:

1) Арнайы жүлделер ұтыс ойыны: шабадан 1 (бір) бірлік, экшн камера 1 (бір) бірлік. Ұтыс ойынының бұл кезеңіне Акция өткізілетін кезеңде соңғысын қоса алғанда 01.06.2017ж. 00 сағат 00 минуттан 31.08.2017ж. 23 сағат 59 минутқа дейін қолма-қол ақшасыз жасалған және соңғысын қоса алғанда 01.08.2017 ж. 00 сағат 00 минуттан 31.08.2017 ж. 23 сағат 59 минутқа дейін Сайтта тіркелген операциялар қатысады.

2) Бас жүлденің – 1 (бір) бірлік автокөліктің ұтыс ойыны Акция өткізілетін кезеңде соңғысын қоса алғанда 01.06.2017ж. 00 сағат 00 минуттан 31.08.2017ж. 23 сағат 59 минутқа дейін қолма-қол ақшасыз жасалған және соңғысын қоса алғанда 01.06.2017 ж. 00 сағат 00 минуттан 31.08.2017 ж. 23 сағат 59 минутқа дейін Сайтта тіркелген операциялар бойынша ойнатылады.

www.visa.com.kz сайтынан Акция туралы жаңа ақпаратты қарай жүріңіз.

Акцияның ресми ережелері www.visa.com.kz сайтында Акция басталғанға дейін жарияланады. Осы ақпарат пен Акцияның ресми ережелері арасында айырмашылық болған жағдайда, соңғысы артқышылық күшке ие болады.