«Дербес деректер және оларды қорғау туралы»

«Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай – Банк) 2013 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 21.05.2013 жылғы № 94-V Заңы күшіне енгендігін, оның талаптарын орындау мақсатында Сізге Сіздің дербес деректеріңізді жинау және өңдеуге Сіздің жазбаша келісімісізді ұсыну қажеттігі туралы хабарлаймыз.

Сіздің назарыңызды алынған дербес деректерді Банк банктік құпияны қорғау режиміне ұқсас режимде қорғайтындығына және тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына  сәйкес ғана қолданылатындығына аударамыз.
Дербес деректерді жинау және өңдеуге келісім нысанымен және дербес деректерді жинау және өңдеуге келісімді алуға қажет мақсаттар тізімімен Сіз Банктің кеңселерінде немесе Банктің корпоративтік сайтының жеке тұлғалар бөлімінен таныс бола аласыз.

Келісімде көрсетілген дербес деректер тізімі субъектінің тізімде көрсетілген барлық өзінің дербес деректерін ұсыну бойынша міндеттемесіне алып келмейді. Субъект Банкке субъектіге белгілі бір банктік қызметтерді көрсету (операцияларды орындау) үшін қажет болатын дербес деректердің көлемін ұсынатын болады.

Субъект келісімді бұдан кейін кез келген банктік қызметті алу (операцияларды орындау) мақсатында Банк субъектіден мұндай келісімді қайта талап етпеусіз, Банк кеңселерінде өтінішке қол қою арқылы Банкке бір рет ұсынады.

Банк кеңсесіне жүгінген кезде өзіңізбен бірге жеке бас куәлігіңіздің түпнұсқасы болуы тиіс.

Туындаған барлық сауалдар бойынша Банк кеңсесіне хабарласа аласыз.


Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.


Дербес деректердің тізімі