Төлем карточкалары

«Qazaq Banki» АҚ клиенттеріне VISA International халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын ұсынады

Банкіміздің клиенті болып, Visa карточкасын алып, Қазақстанда да, шетелде де тауарлар мен қызметтерді төлеу операцияларын жүргізе аласыз, қолма-қол ақша ала аласыз. Карточкаларымыз Сізге:
•      ақша қаражатының жылдам есепке қосылуын;
•      қолма-қол ақшалай емес есеп айырысуды, соның ішінде жылдам, ыңғайлы, қауіпсіз төлеу әдісін қамтамасыз ететін Visa PayWave технологиясын қолданып есеп айырысуды;
•      қолма-қол ақшаның қауіпсіз сақталуын;
•      жақындар мен туыстар үшін қосымша карточкалардың ашылуын;
•      «VISA International» компаниясының, Банктің қосымша қызметтерін, сервистерін, түрлі акцияларына қатысуды
қамтамасыз етеді.