Төлем карточкалары бойынша шығын операцияларына қойылатын шектеулер

 
Төлем карточкалары ұстаушыларының ақшасын сақтау және қауіпсіздік деңгейін көтеру мақсатында, Банкте әдепкі қалпы бойынша шығын операцияларына стандартты шектеулер орнатылған:
       
1. Банкоматта және кассада (тәулігіне) 100 000 теңге (немесе операцияны жүргізу валютасындағы эквивалентте) ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша карталардың барлық типтері бойынша шығын операцияларына шектеу.

2. Интернет желісінде жүргізілетін операцияларға және телефон/пошта тапсырыстарына қойылатын шектеу айына 100 АҚШ долларына дейін (немесе операция жүргізу валютасындағы эквиваленті).
Бұл шектеу Клиент Card Service бөліміне телефон арқылы хабарласқан жағдайда 1 тәуліктен аспайтын мерзімге алынып тасталуы немесе өзгертілуі мүмкін, не болмаса Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген кез келген мерзімге өзгертілуі мүмкін;

3. АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия аумағында карточканың магниттік жолағы бойынша жүргізілетін барлық карточкалық операциядарға қойылатын шектеулер (Австралия мен Жаңа Зеландияны қоспағанда).
Бұл шектеулер Клиент Card Service бөліміне телефон арқылы хабарласқан жағдайда 15 тәуліктен аспайтын мерзімге алынып тасталуы мүмкін, не болмаса Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген кез келген мерзімге өзгертілуі мүмкін;
 
 
«Qazaq Banki» АҚ Төлем карточкасын пайдалану ережелеріне сәйкес, сондай-ақ рұқсат етілмеген карточкалық операцияларының тәуекелін төмендету мақсатында, Банк бір жақты тәртіпте және кез келген уақытта карточкалық операциялар бойынша шектеулер мөлшерін орнатуға, өзгертуге, Клиентке хабарламай және Клиенттің келісімін алмай шектелмеген уақыт кезеңіне кез келген карточкалық транзакцияларды/ карточкаларды, кез келген уақытта карточкалық операциялар бойынша шектеулер мөлшерін, орнатуға, өзгертуге, карточкалық операцияларын қабылдамауға/лимиттеуге/бұғаттауға мына жағдайларда құқылы: алаяқтықты күдіктенген жағдайда, жаппай рұқсат етілмеген карточкалық операциялар деректерін анықтаған жағдайда, пайдаланушылардың дербес деректерін және клиенттердің төлем карточкаларының реквизиттерін ұрлау қаупіне алып келуі мүмкін оқиғалар тіркелген жағдайда.

Клиент карточкалық операциялар бойынша стандартты лимиттерді өзгерткен жағдайда, Клиенттің карточкалық операциялар бойынша стандартты лимиттер өзгерістерімен байланысты туындайтын барлық тәуекелдер мен салдарын Клиент өз мойнына алады  және Банк болашақта Карточканы ұстаушы жүргізетін ағымдағы шот бойынша карточкалық операциялар Клиенттің келісімімен жүргізілді деп санауға құқылы.

«Qazaq Banki» АҚ төлем карточкалары микропроцессорлармен (ЧИП-термен) жабдықталған, бұл карточкалық операцияларды жүргізген жағдайда, төлем карточкасының қауіпсіздігін айтарлықтай жоғарылатады.