Сейфтік жәшіктер

Жеке сейфті (ұяшықты) жалдау

«Qazaq Banki» АҚ сейфтік депозитарийде ақшаңызды, құжаттарыңызды, басқа да құндылықтарыңызды сенімді сақтау үшін жеке сейфтік ұяшықтарды пайдалануды ұсынады.

Банк:
  • ұяшықтарды жалдау мерзіміне (күн, ай, тоқсан, жыл) және ұяшық мөлшеріне (шағын, орта, үлкен) қарай ұяшықтарды жалдау үшін оңтайлы төлем нысанына;
  • депозиттік сақтау орнының тәулік бойы күзетілетіндігіне;
  • сейфтің ішіндегісінің құпия сақталатындығына;
  • банк тарапынан ұяшықтың ішіндегісі тіркелмей жабық ұяшықтарда құндылықтардың сақталатындығына;
  • сақтау заты туралы клиенттерден есеп беру талап етілмейтіндігіне;
  • сейфтің мінсіз сақталатындығына, бүтіндігіне, құлыптардың жұмыс істеп тұрғанына;
  • клиенттің қолындағы кілттен басқа жолмен ұяшықты ашу мүмкін еместігіне
кепілдік береді.