Құрметті төлем карточкаларының ұстаушылары!

19 Қаңтар 2017 ж. | 14:21

Интернет желісінде төлем карточкасының деректемелерін енгізу арқылы жасалатын операциялар көлемінің өсуіне орай, алаяқтардың киберқылмыстарының саны да артуда. Минималды талаптарды және ұсыныстарды жүзеге асыру карточкалардың ұстаушыларына карточкалық шоттардағы қаражат құралдарын ұрлаудан қауіпсіз етуде көмектесетін болады.
 
I. Көп жағдайларда төлем карточкасы деректемелерінің жылыстауындағы кінәлі тұлғалар карточка ұстаушылардың өздері болып табылады. Бұл карточканы үшінші тұлғаларға, мысалы, кассирге/даяршыға беру кезінде орын алуы мүмкін, олар карточкаңыздың нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVV2-кодын естеріне сақтап алып, оларды мысалға Интернет арқылы тауарлар/қызметтер үшін төлеу кезінде пайдалана алады. Банк төлем карточкасының артқы жағында орналасқан CVV2-кодты есіңізде сақтап алуыңызды, ал одан кейін CVV2-коды бар аймақты бөтен тұлғалардан күңгірт жапсырмамен немесе құрғақ түзегішпен жасыруыңызды ұсынады (1-суреттен қараңыз).
Білген маңызды: Төлем карточкасы деректемелерін сақтау үшін жауапкершілік төлем карточкасының ұстаушысына жүктеледі!



CVV2 кодты ашу әрекетін байқаған кезде карточканың ұстаушысына Банктің Байланыс орталығына қоңырау шалып немесе SMS-банкингтің белгілі бір пәрмендерін пайдалана отырып (сипаттамасы төменде келтірілген), карточканы бұғаттау қажет.
 
II. Төлем карточкалары бойынша алаяқтық тәуекелін барынша азайту мақсатында Банк клиенттеріне SMS-хабарландыру қызметіне қосылуды табанды түрде ұсынамыз.
 
SMS-хабарландыру қызметі төмендегі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
  • өткізілген карточкалық операция және өткізілген операцияны ескере отырып шоттағы қалдық туралы ақпаратты ұялы телефоныңызға SMS-хабарландыру арқылы автоматты түрде алу;
  • 7000 қысқа нөміріне «bal» + карточка нөмірінің соңғы 4 саны сөзімен SMS – хабарламасын жіберіп, карточкалық шоттағы ақша қалдығы туралы ақпаратты алу. Мысал: bal4321;
  • 7000 қысқа нөміріне «stm» + карточка нөмірінің соңғы 4 саны сөзімен SMS - хабарламасын жіберіп, соңғы 5 операция бойынша шағын үзінді көшірмені алу. Мысал: stm4321;
  • 7000 қысқа нөміріне «block» + карточка нөмірінің соңғы 4 саны сөзімен SMS - хабарламасын жіберіп, пәрмен күйінде SMS-хабарламасын жіберу арқылы карточканы бұғаттау. Мысал: block4321;
 
Біздің төлем карточкаларымыздың ұстаушылары SMS-хабарландыруқызметіне қосыла алады:
  • Homebank қаржы порталында: https://www.homebank.kz.
  • Банктің Байланыс орталығына +7 727 380 39 99, +7 727 250 55 77, +7 727 380 39 51 телефондары бойынша және ұялы телефоннан 7770 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
  • Банктің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы.
 
SMS-хабарландыруға қосылумәлімдемеңізде көрсеткен ұялы телефон нөміріне жүзеге асырылады.
 
Қосымша түрде хабарлаймыз Банк ешқашан және ешбір жағдайда төлем карточкасының толық нөмірін, Интернет банкинг жүйелеріне қатынауға рұқсат беретін логинді және құпиясөзді беру, көрсетілген сілтеме бойынша өту өтінішімен электрондық хаттарды таратумен айналыспайды, сондай-ақ, бағдарламаларды және олардың жаңартуларын таратпайды, осыған орай осындай хабарламаларға жауап бермеуіңізді сұраймыз.
 
Ізгі ниетпен,
«Qazaq Banki» АҚ