Homebank

Homebank – бұл қаражатыңызды оңай, қарапайым әрі тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қаржы порталы.

https://my.homebank.kz қаржы порталының шеңберінде Сіз:
  • Банктің ішінде өзінің есепшоттары арасында ақша аударымдарын жасай аласыз;
  • банктік шоттарыңыздың жайын бақылай аласыз;
  • кез келген уақыт кезеңі үшін шоттар бойынша үзінді жазба ала аласыз;
  • интернет операцияларға мүмкіндікті аша аласыз/жаба аласыз;
  • SMS банкингке қосыла аласыз;
  • келесілер үшін төлем төлей аласыз:
         -  ұялы телефон байланысы, телекоммуникациялық қызметтер, кабельді телевизия;
         -   коммуналдық қызметтер;
         -  салық төлемдері.

my.homebank.kz қаржы порталының пайдаланушысы болу үшін Сіздің:
  • «Qazaq Banki» АҚ қолданыстағы төлем карточкаңыз болуы керек.
  • Интернет арқылы https://www.my.homebank.kz/сайтында my.homebank.kz жүйесінде тегін тіркелуіңіз керек:
1. «Тіркеу» бөліміне кіріңіз.
2. Портал талаптарымен, артықшылықтарымен, жалпы ережелерімен танысып шығыңыз, бетті оқып шыққаннан кейін әрбір ретте «Бұдан кейін» батырмасын басыңыз.
3. Өз төлем карточкаңыздың нөмірін енгізіп, «Бұдан кейін» батырмасын басыңыз.
4. Карточка шығарылғанда өзіңіз көрсеткен код сөзді енгізіңіз.
5. Картаның жарамдылық мерзімін енгізіңіз, күн картада (Good thru) ААЖЖ форматында (мысалы, 1011) көрсетілген.
6. Картаңыздың екінші жағындағы 3 мәнді кодты (Иегердің қол қоюына арналған жолдың қасында) енгізіңіз. Бұл код сандардан ғана құралуы керек. Код көрсетілмеген карталар үшін осы жолды бос қалдыруды сұраймыз.
7. Өз жеке куәлігіңіздің немесе паспортыңыздың нөмірін енгізіңіз; «Бұдан кейін» батырмасын басыңыз.
8. «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
9. Өз сәйкестендіргішіңізді (ID) алыңыз.
10. Тіркелу көп дегенде 5 минут уақытыңызды алады.

my.homebank.kz қаржы порталының мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты мұнда алуға болады.