Төлем карточкаларын ұстаушыларға арналған қауіпсіздік шаралары


Карточкалық шоттағы қаражатты сақтау мақсатында Сіздерге міндетті тәртіпте келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылады:
 
  • Төлем карточкаларын пайдалану Ережелерімен таныс болыңыз;
  • Карточканы алған кезде карточканың арт жағындағы арнайы жолға өз қолыңызды қойыңыз;
  • ПИН-кодты карточканың бетіне жазбаңыз және оны карточкамен бірге сақтамаңыз. ПИН-кодты есте сақтау қажет. Егер Сіз сонда да ПИН-коды жазып қойғыңыз келсе, онда оны шифрленген түрде жасаған дұрыс, мысалы, телефон нөмірі түрінде;
  • Банкоматтан қолма-қол ақшаны алған кезде пинпад және картридерде артық заттардың белгілері жоқ екендігін тексеріңіз. ПИН-кодты енгізген кезде пернетақтаны алақанмен жабыңыз;
  • Келесі төлем карточкаларыңыздың мәліметтерін ешкімге және ешқандай жағдайда айтпаңыз: ПИН-код, төлем карточкасының толық нөмірі, CVV-коды, оның қолданылу мерзімінің аяқталуы, құпиялы сөз;
  • Сауданы төлем карточкасымен төлей отыра, барлық операциялар тек сіздің қатысуыңызда ғана жасалуы тиіс. Төлем карточкаңызды көз алдыңыздан алып кетуге рұқсат бермеңіз;
  • Карточкаңызды бөтен адамдар оның нөмірін және Сіздің қолтаңбаңыздың үлгісін түсіріп алатындай жерлерде қалдырмаңыз;
  • Сізге берілген Сіздің қолтаңбаңыз қойылған слиптердің даналарын және  кассалық чектерді төрт ай бойы сақтаңыз;
  • Төлем карточкасын механикалық, температуралық және электр магнитті әсерлерге ұшыратпаңыз, сонымен қатар оған ылғалдың түсуіне жол бермеңіз. Төлем карточкасын ұялы телефон, тұрмыстық және кеңсе техникасы қасында сақтауға болмайды.
  • Ешқандай жағдайда Интернет-банкингтегі немесе ұялы банкингтегі өз шотыңызға қатынау паролін ешкімге бермеңіз;
  • Өз төлем карточкаңызды үшінші тұлғаларға (туыстарыңызға, досыңызға, күйеуіңізге, жарыңызға) бермеңіз;
  • Төлем карточкаңызды жоғалтқан немесе ұрлатып алған жағдайда карточка бойынша рұқсатсыз операцияларды болдырмау үшін оны бұғаттау мақсатында тез арада банкке жүгіну қажет;
  • SMS-хабарландыру қызметін қосу Сізге төлем карточкаңыздағы ақшаңыздың күйін қосымша бақылауға мүмкіндік береді. Барлық жасалған операциялар туралы карточка ұстаушысы SMS-хабарлама алады;
  • Қолма-қол ақшаны алу бойынша ақшаны жұмсаудың күнделікті немесе ай сайынғы лимиттерін белгілеңіз;
  • Интернет желісінде операцияларды жасауға шектеу қойыңыз;
  • Егер Сіз жүргізбеген операция туралы SMS-хабарлама алсаңыз, шұғыл тәртіпте келесі тәсілдердің кез келгенімен карточканы бұғаттаңыз: карточканың арты жағында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша Банкпен хабарласыңыз, SMS-команда немесе Интернет-банкинг көмегімен, өзіңіз немесе банк бөлімшесі арқылы;
 
Алаяқтық, рұқсатсыз операциялар немесе операцияларды жүргізуге әрекет жасау деректерін анықтаған кезде (тіпті егер олар сәтсіз болса да), Сізден төлем карточкасын бұғаттау үшін Банктің Байланыс орталығына, сонымен қатар Сіздің қалаңыздағы «Qazaq Banki» АҚ кез келген бөлімшесіне хабарласуыңызды сұраймыз.
 
 
+7 (727) 250 55 77;
8 800 080 5755 – Қазақстан бойынша тегін желі;
7770 – Ұялы телефондардан тегін желі.